» » Жол шетінде жарқырайды «Ақсарай»

Жол шетінде жарқырайды «Ақсарай»

Ұш-қиыры көрінбейтін автобанның бойында шетелдік көлік жүйткіп келеді. Құдды бір қанат берсе көк аспанда қалқитын тәрізді. Тақтайдай тегіс асфальттің бойында көз тартар көрікті орындардың көбейіп жатқаны көңілді бір серпілтіп тастайды. Жол бойынан жүз метр қашықтықта орналасқан «Ақсарай» кешені де көзге оттай басылды. Иә, бұл – Қармақшы топырағындағы өрелі істердің бірегейі еді. Тіпті облыс әкімінің алдында аталған жобаны таныстырып, сәтті қорғап шыққан Бадирша Рагибовтың баяндамасы да есімізде.
Моншасы да, басқасы да жанға дауа демалыс орнының бүгінгі келбеті көз тартып тұр. Ә дегеннен келген жанның алдымен түсетін орны мейрамхана болары анық. Іші кең, зәулім сарайдың төрінде ауқаттанып отырған бірнеше жанды көрдік. Жобаның құны 300 миллион теңгенің үстінде болғанын, оны жеке кәсіпкер Али Рагибовтың өз қалтасынан шығарып, ешбір несиесіз бастағанын да естіп, бәрекелді дескенбіз. Енді өз көзімізбен көріп, таңдай қағып тұрмыз.
– Күніге 10-15 фура, 15-20 жеңіл автокөлік тоқтайды. Сол көліктердің жолаушылары немесе жүргізушілері келіп түстенеді. Он жеті адамға лайықталған қонақүйіміз бар. Қысқасы, әрбір келушіге сапалы қызмет көрсетуді алдыңғы орынға қойғанбыз. Біздің басты мақсатымыз да – осы, – деді мекеме бухгалтері Б.Рагибов.
«Қызылордагаз» ЖШС газ бекеті де жанында тұр. Біріне келіп, екіншісінен қажетін алып кететін жұртшылыққа барлық қолайлы жағдай ұсынылып тұр. Айтуынша, тіпті жақын маңайдағы ауыл тұрғындары вип-залда туған күн кешін өткізіп, үлкен залда құдайы жолын ұйымдастыратын көрінеді. Демек, Ақсарайға бас сұғатындар тек қана дәліз жолдың бойында жолаушылағандар ғана емес, жергілікті тұрғындардың да ішінде жетіп артылады.
– Көп жағдайда ауыр жүк көліктерінің жарылған доңғалақтарын екінің бірі істей бермейді. Ал бізде оны мұқтият, сапалы орындап беретіндер бар. Сондай-ақ көлік жөндеу орталығы, дүкен және монша, қонақүй халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуге арналған. Кафеде күніге екі қойдың етін кәуапқа жібереміз. Ет өнімдерін сырттан сатып алып жүрмейміз, өзімізден шығады. Күріш те, жалпы азық-түліктің көпшілігі өзімізден шығады. Сондықтан нарықтың соңынан қуып бағаны шарықтатуымызға негіз де жоқ, – деді Б.Рагибов.
2017 жылдың 4 мамырында басталған құрылысты «қазанда пайдалануға береміз» деген кәсіпкердің уәдесіне талайлар күмәнмен қараған. Тіпті облыс әкімдігінің алдында осылай сөз берген кәсіпкердің бұл ісінен талай жұрт «аймақ басшысының алдында ұятқа қалмасақ жарар еді...» деп қаймыққаны бар. Әйтсе де 18 қазан күні жоғары деңгейде, салтанатты түрде ашылған нысанды көргенде бөркімізді аспанға атқанымыз жасырын емес.
– Уәде бердік. Жұрттың күмәнмен қарағаны да бар. Бірақ күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып жүріп, жанымызды салып, айтқан уақытта бітіріп, елге есігімізді айқара аштық, – деп еске алады Б.Рагибов.
Екі ауысым бойынша жиырма адамды жұмыспен қамтып отырған орталыққа әзірге шағымданған бір жан жоқ. Бұл қуантады. С санатындағы сервистік қызмет көрсету кешенін келушілер де мақтап жүр.
Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерінің арасын жалғаған алтын көпір – дара жолдың бойында мұндай кешендер жетерлік. Бірақ біз үшін Ақсарайдың алар орны зор болмақ.
 
Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».
 
13 сәуір 2018 ж. 1 181 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031