Ораза айт мерекесі

Осы айт мерекесі Кете аталығы азаматтарының ұйымдастыруымен "Қармақшы ата" мешітінде кеңінен аталып өтті. Оған аудан тұрғындары белсенділікпен қатысты. Мешітте дастарқан жайылып, келген қауымға ас-ауқат ұсынылды.
Айтулы мереке ауданға арнайы атбасын тіреген ҚМДБ-ның Қызылорда бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлының жергілікті тұрғындарды ораза айт мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Іс-шараны белгілі жырау, айтыс өнерінің саңлағы Серік Ідірісов жүргізіп, салт-дәстүрімізге сай ғибратты сөздер, рухани әңгімелер айтты.
Басқосуда аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, сондай-ақ Сержан Наметша, Сағатбек Сүлейменов, Бақытбек Бектібаев, Сақтапберген Медеуов, Амангелді Ақжігітов, Орынбасар Сариев, Берік Саймағанбетов, тағы басқалары сөз сөйлеп, қармақшылықтарды айт мерекесімен құттықтады.
Іс-шарада түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылып, аудан жастары қол күрес, қошқар көтеру, арқан тартыс, ләңгі тебу, асық ату секілді ұлттық ойындардан өзара бақтарын сынады. Қарсыласынан оза шапқан жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілсе, 10 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Салтанат соңында қазақы дәстүрмен қонақтардың иығына шапан жабылып, өмірден өткен ата-бабалар рухына Құран бағышталды.

"Қт" ақпарат