» » Қар құрсауынан 90 адам құтқарылды

Қар құрсауынан 90 адам құтқарылды

Өткен тәулікте қар құрсауынан 90-нан астам адам, оның ішінде 14 бала құтқарылды және эвакуацияланды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Кеше түнде Байқоңыр ауданында айналма жолда жеңіл көлікпен 7 адам қар құрсауында қалып қойды, екеуі - бала.ТЖД оларды астанаға жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Қостанай облысының Арқалық, Амангелді және Әулиекөл аудандарында ТЖД күшімен автожолдарда тұрып қалған жеңіл автокөліктерден жақын елді мекендерге 32 адам, оның ішінде 5 бала жеткізілген.

Қарқаралыдан 7 шақырым жерде Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған Тоyоtа Carinа автокөлігінен 4 адамды құтқарып, Қарқаралыға жеткізді.

Ақтоғай ауданында "Ақой - Ақтоғай - Балқаш" автожолының 160 шақырымында Қарағанды облысы ТЖД күштері және "Берер" ЖШС қызметкерлері 16 жеңіл көлікті қар құрсауынан тазартылған учаскеге шығарды. Барлығы 48 адам, жетеуі бала.

Ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) 46 автожол учаскесі жабылды: 26 республикалық және 20 облыстық маңызы бар.

Жолдарда төтенше жағдайды жою жөніндегі республикалық штаб құрылды, өңірлерде жұмыс істейді.

Облыстық жедел штабтар ақпараты бойынша, блок-бекеттерде 915 техника бар.

Sputnik.kz


23 наурыз 2022 ж. 439 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 261

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728