Құрылтай
» » ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

ІІМ жүргізушілерден ауа райының нашарлауы және жолдардың жабылуы туралы хабарламаларға назарға аударуды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.


Кеше ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының республикалық маңызы бар автожолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс толығымен жабылды.
Сондай-ақ Ақмола және Қостанай облыстарындағы қала сыртындағы тас жолдарда Солтүстік Қазақстан облысы бағыты бойынша автомобиль қозғалысы шектелген. Павлодар облысында Қарағанды және Ақмола облыстары бағыты бойынша қозғалыс шектелген. 
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша 13 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа райының нашарлауы күтілуде. ІІМ аталған аймақтардың тұрғындарына ұзақ сапарлардан аулақ болуды ұсынады және жүргізушілерге қауіпсіз қозғалыс жылдамдығы мен автомобильдер арасындағы қашықтықты қатаң сақтау керектігін ескертеді.
Екі күннің ішінде (10-11 қаңтар) ел жолдарында 35 ЖКО тіркеліп, жеті адам қаза тапты, 50 адам түрлі жарақат алды. Қар құрсауынан полиция күшімен 30-дан астам көлік эвакуацияланды.
13 қаңтар 2021 ж. 601 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 094

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31