» » "13 баланың анасымын": Қызылордалық әйел үлкен отбасында балаларды қалай тәрбиелейтінін айтты

"13 баланың анасымын": Қызылордалық әйел үлкен отбасында балаларды қалай тәрбиелейтінін айтты

Қызылордалық Ақмарал Малбағарова 13 баланы дүниеге әкелді. Үлкен балалары бүгінде отбасылы. Бірақ олар қара шаңырақта жиі бас қосып тұрады. Үлкендері кішісіне қамқорлық танытып, аналарына қолдау көрсетеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

 Ақмарал Малбағарова
Ақмарал 2009 жылы алғаш рет үш бүлдіршінді бауырына басты. Содан бері жиырмадан аса балаға тәрбие беріп, аналық мейіріміне бөлеп келеді. Алды отбасылы болып кетсе де, немелерімді алып, келіп тұрады дейді. Қазір 13 бала бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатыр. Берекелі шаңырақта қазақы тәрбиенің қаймағы бұзылмаған.
“Үлкендігі дұрыс болмай кішінікі дұрыс болғанның өзінде мен кішіге кішілігін істетемін. Үлкеннен кешірім сұратамын. Себебі ол кіші. Оныкі дұрыс бола берсін кішінің аты кіші. Кішілігін істеу керек деп солай үйретемін. Қыздарым малды да сауа береді, айран да пісеміз, құрт та істейміз. Барлығы қолдарынан келеді. Мақтан тұтып айта аламын балаларымды”, – дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Ақмарал Малбағарова. 
Жолдасы жүкті екенін білген соң кетіп қалған: Жатыр ісігіне шалдыққан тараздық келіншек 40 жасында үшем босанған 

видеодан скриншот
Отбасының үлкені 26-да, кенжесі – 9 жаста. Барлығы да үйдің шаруасын шыр айналдырады. Тату. Бауырмал. Бір үйдің баласындай. Олар мұны өмірімізге шамшырақ болған анамыздың арқасы дейді.   
“Анамыз біздің досымыздай. Құпия сырларымыз болған кезде анамызға айтамыз, сырласамыз. Анамызда бізге мына жерің дұрыс емес,бұл жер дұрыс деген секілді ақылын айтады. Аналарымыз аман жүрсін, ешқашан ауырмасын. Балалар өнерден де құр алақан емес. Республикалық жарыстардан жүлделі орындар алған”, – дейді Виктория Двоеглазова.
07 наурыз 2022 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 043

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031