» » БАЙҚОҢЫР – ҒАРЫШ ҚАҚПАСЫ

БАЙҚОҢЫР – ҒАРЫШ ҚАҚПАСЫ

 
Жер кіндігі – Байқоңыр ғарыш айлағы адамзат баласы үшін өткен ғасырдың теңдессіз жетістігі саналады. Қасиетті Қармақшы топырағы аумағында орналасқан ғарышкерлер қаласының іргетасы 1955 жылы қаланған. Кеңес Одағы құрамындағы 15 республиканың арасынан Қазақстанға таңдау түсуі тегін емес еді. Ғалымдар зымыран ұшырудың қауіпсіздігін, айлақтан елді мекендердің қашық болуын, ұшырылған ракетаның қайта оралған кездегі қону аймақтарының ыңғайлылығын ескерді. Сондай-ақ, тоғыз жолдың торабы мен автомобиль жолдары да ғарыш алаңының көмекші және қызмет көрсету нысандарына қолайлы жағдай туғызды
Айлақтан тұңғыш зымыран 1957 жылы ұшырылды және бұл сәтті қадам еді. Ол әдемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны саналады. Оның басты және көмекші объектілерінің жалпы ауданы 6717 шаршы шақырымды құрайды. Дүниенің төрт бұрышын дүр сілкіндірген бірегей оқиға әлем назарын өзіне аудартты. Сөйтіп, алғаш рет Жердің жасанды серігі кеңістікке шығарылды.
1961 жылдың 12 сәуірі адамзат тарихында елеулі оқиға ретінде есте қалды. Бұл күні тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен орбитаға аттанды. Бертін келе де ғарыш кеңістігін бағындыруда бірқатар тың бастамалардың көшбасшысына айналды. Атап айтсақ, Байқоңырдан байланыс мақсатында пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «Радуга», «Метеор» және «Восток», «Восход», «Союз», «Прогресс» сықылды ғарыш кемелері, күннің, айдың, Шолпан жұлдызының алғашқы жасанды серіктері және «Салют», «Мир» орбиталық стансалары әлем көгіне көтерілді.
Алаңды салу барысында Байқоңыр қаласы өмірге келді. Оған ресейлік азамат, техникалық инженер Г.Шубников жетекшілік етті. «Қала әкесі» атанған Шубниковтың атында осы күні көше және ескерткіш бар.
Ғарыш айлағын салуға қазақстандықтар да білек сыбана араласты. Олардың қатарынан сала қызметкерлері Қ.Тоқмұхамедов, Б.Межіғұлов, Т.Уәшов, К.Әбілғазин, М.Құлымгереев, Қ.Нұрмағамбетов, тағы басқалары болды.
Қазақ елінің тәуелсіздік жылдарында жеткен табыстарының ішіндегі ең бір сүбелісі – 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілуімен тығыз байланысты. Ел тарихына алтын әріптермен жазылған айтулы күнде қазақ жұртшылығының қуанышында шек болмады. Мұнан соң бұл бақытты ғарышкер Талғат Мұсабаев Ресеймен бірлескен жобада 3 мәрте – яғни, 1994, 1998, 2001 жылдары қайталап, ғарыш ғаламын игеруде қазақ баласының ешкімнен кем түспейтінін дәлелдесе, үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов кеменің бортинженері ретінде ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка және даниялық астронавт Андреас Могенсонмен бірге 2015 жылдың 2-12 қыркүйегі аралығында «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен көкке самғады. Тәуелсіздігіміздің Тәңірі берген сыйындай болған ғарыш кеңістігіне қазақтың үш бірдей азаматының самғауы – халқымыздың басына қонған бағы болса керек. Үш ғарышкер де Елбасы қолынан Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» жоғары дәрежелі атағын алғаны ел жадында әлі күнге сақтаулы да жаттаулы.
Байқоңыр ғарыш айлағы 1991 жылы Қазастанның иелігіне өтті. 1993 жылдан Ресей Федерациясына жалға берілді.
Өткен жылғы Мемлекет басшысы Қызылорда облысына сапары барысында «Байқоңыр» кешеніне ат басын тіреп, 2004 жылы басталған біріккен «Бәйтерек» жобасының жүзеге асу жайымен танысқан болатын. Жоба мақсаты – уыты күшті зымырандарды таза экологиялық зымырандармен ауыстыру. Елге сапарында Елбасы:
– Байқоңыр қаласының болашағы зор. Қажетті инфраструктура дамуда. Тұрғын үй, әлеуметтік нысандар құрылысы салынады. Сондай-ақ, газдандыру жұмыстары да жүргізілетін болады, – деп атап көрсетті.
Әлбетте, Президент айтқан бастамалар бойынша бүгінгі жұмыс қарқынды. Бірнеше әлеуметтік нысандар қазақстандық стандартқа көшіріліп, көгілдір отынға қосылып, көңілі жылып отырған ағайын Байқоңырда баршылық.
 
ТҮЙІН
Адам баласының ғарышты игере бастағанына биыл 57 жыл толды. «Байқоңыр» кешені осы уақыт ішінде Қазақстанды әлемге танытып, мемлекетіміздің ғылым мен білім жолындағы беделі мен абыройын асырды. Жер бетіндегі барша адамзат үшін де, еліміз үшін де Байқоңырдың алар орны ерекше. Ең бірінші жер серігі ұшырылғаннан бері қарай адам баласы ғарыш әлемінің тылсым сырына қанығып, ішке бүккен талай құпияларын ашты.
 
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы».
10 сәуір 2018 ж. 4 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031