» » ТӘРТІПКЕ БАС ИГЕН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ

ТӘРТІПКЕ БАС ИГЕН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ


 Қоғамдық тәртіп тұрғындар әлеуетінің өсіп-өркендеуіне орасан ықпалын тигізетін және ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығының негізгі шарттарының бірі. Тентекті тезге салып, дәстүрге сай жазалай білген қазақ халқының ертеден бергі төрелік заңы да бүгінгідей биік мақсатты алға қоя білді.
 Өткен жылы аудандық бөлімнің тергеу саласымен тіркелген 139 қылмыстық іс тергеу-тексеру нәтижесімен 54 қылмыстық іс сотқа жолданған болса, 90 қылмыстық іс аяқталды. Есепті мерзімде тергеу саласында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу дерегі де орын алған жоқ.
Ал, енді жергілікті полиция құрылымдарымен өткен жылы ауданда кісі өлімі бойынша тіркелген қылмыстық іс қорытындысымен бір азамат сот үкімімен бүгінгі таңда жазасын өтеуде. Сонымен қатар ауданда тіркелген басқа да 273 қылмыстың 180-і ұрлық болса, оның 35-і пәтер, 41-і төрт түлік пен тауық, ал 25-і ұялы телефон және 23-еуі автокөлік бөлшектерін ұрлау дерегі болды.Сондай-ақ, есепті мерзімде жеке тұрғын мен мекемелер ауласынан 56 рет темір-терсек ұрлау фактісі орын алды. Ұрлықтың бұл түрі бойынша да жасалған қылмыстық істерді анықтау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Енді бір айта кетерлік жайт, 2015 жылы ауданда 56 мал ұрлығы тіркелген болса, өткен жылы оның саны 28-ге төмендеген. Міне, осы мал ұрлығының 21-і өрісте, ал 7-еуі қорада болған. Сондай-ақ, жасалған ұрлықтың көпшілігі елді мекендер мен аудан аумағынан өтіп жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойында тіркелгені анықталды. Әсіресе, қараусыз жүрген төрт түліктің өлімі түнде тіркелуде. Сондай жайсыз жайттардың салдарынан өткен жылы жеке мал иелеріне 22 млн. теңге шығын келтірген. Сала қызметкерлері осындай жайсыз, тіпті адам өміріне қауіп төндіретін оқиғаны болдырмау және оның алдын алу мақсатында жергілікті тұрғындармен сан рет өздерінің бағымындағы малдарына еге болуда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Алайда, әлі күнге дейін тұрғындар тарапынан оң нәтиже болмауы көңілді қынжылтады. Тіпті, тұрғындар өз қорасынан шығарып жіберген малының мойынына бағасы бар-жоғы 300 теңге тұратын жарықбергіш тартпа сатып алуды да қымбатсынуда.
Ауданда ең өзекті мәселелердің бірі болып саналатын жол қозғалысы қауіпсіздігінің жайын жырлар болсақ, расында соңғы кездері ауданда көлік жүргізушілер тарапынан қауіпсіздік ережелері сақталмай, адам адам өмірене қауіп төндіру, тіпті адам өліміне әкеп соқтырған оқыс оқиғалар да көп орын алуда. Ол рас. Жыл көлемінде ҚР ІІМ-нің нұсқаулықтарына сәйкес көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол апатын болдырмау мақсатында жедел-профилактикалық шаралар көптеп ұйымдастырылды. Дегенмен, нәтиже жоқ. Оған кінәлі кім? Әрине, көлік жүргізушінің өзі. Оған айғақ ретінде жақында ғана аудан орталығындағы Мүсербаев көшесі бойында жалындаған жас жүргізуші өмірін жалмап кеткен қайғылы көлік апаты оқиғасын айтуға болады. Әрине оған пышақтың жүзіндей түзу де айнадай жарқыраған теп-тегіс жаңа жол кінәлі.
Аудан аумағында тіркелетін жол апатының көбі сол үлкен жол бойында тіркелетінін біз жақсы білеміз. Жарқыраған асфальтта жүгірген аң, ұшқан құспен жарысып, атойлаған азаматтарымыз аз-маз бос мақтанның арты ажал құштырып жатқанын да ойға алса жарар еді... Жайсыз жайттардың салдарынан бүгінде мәңгілікке мүгедектер арбасына таңылғандар да жетіп артылады.
Десе де, «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді», – деп дана халқымыз айтқандай, ел сенімін ақтамаған жастар да жетерлік. Оған дәлел 2017 жылыаудан бойынша жасөспірімдер арасында тіркелген 3 қылмыстық дерек  негізінен мектептегі сабақтан қашу, қаңғыбастыққа салыну, ұялы телефон арқылы түрлі жағымсыз қылықтарға бой ұру, есіртке тарту арқылы жасалғаны анықталды.
Бүгінгі қоғамды улап жатқан ауыр қылмыстардың бірі – осы есірткі мәселесі алдыңғы орында тұр. Қоғам дерті деп танылған осы кеселдің көзін жоюбүгінде тек құзырлы органдардың ғана емес, қоғамның да шеше алмай келе жатқан түйткілді мәселесі екені рас. Өткен жылы аудан тұрғындары арасында есірткіге қарсы күрес бойынша 1 дерек анықталып, осы қылмыстық іс бойынша тиісті жұмыстар атқарылды.
Елде белең алған қылмыстық іс-әрекеттердің  тағы бірі – алаяқтық. Бұл  қылмыс түрімен азаматтарды алдап, олардың ақшасы мен мал-мүлкін өз пайдасына жаратып жүргендерге қарсы құзырлы органдар тарапынан айтарлықтай жұмыс істелуде. Бұл бағытта 2015 жылы ауданымызда 21 дерек тіркелген болса, 2016 жыл ол 11 дерекке төмендеді, ал өткен жылы аудандық ішкі істер қызметкерлерінің қырағылы мен өз міндеттерін тиянақты атқаруының арқасында осы  қылмыс түрі бойынша ауданымызда 3 дерек тіркеліп, қылмыскерлер дер кезінде құрықталды.
Ауданда қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын  сақтауда сала қызметкерлері атқарып жатқан жұмыстар жетерлік. Оғанайғақ та көп. Нақтырақ айтқанда, сала қызметкерлері басқа да құзырлы орган және білім мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен бірлесе «Балалар түнгі қалада», «Түнгі қала», «Қару», «Таза қала», «Қауіпсіз жол», «Қауіпсіз қала», «қадағалау» және басқа да жедел-профилактикалық шаралар өткізу арқылы істелген ауқымды жұмыстар нәтижесінде аудан көлемінде соңғы жылдары орын алған онша ауыр емес қылмыс, адам денсаулығына қасақана ауыр дене жарақатын салу, алаяқтық, мал және пәтер ұрлығы, адам зорлау, қарақшылық, есіртілік, көшеде жасалған қылмысы, мас күйінде және топтасып жасалған қылмыстар едәуір төмендесе, бопсалаушылық пен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынаста жасалған қылмыстар орын алмағаны қуантады.
Елбасы 2012 жылы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2020» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  атты Жолдауында «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануы тиіс, дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады» деп атап өтті.
Мемлекет басшысының  сара саясатын жүзеге асыруда ҚР Ішкі істер министрлігі азаматтардың құқықтық сана-сезіміне селкеу түсіретін және қоғамдық тәртіптің бұзылуына тікелей әсер ететін әкімшілік кодекстің бірқатар баптарын белгіледі. Аталған тапсырмаларды орындауда аудандық жергілікті полиция қызметкерлері жүйелі жұмыс істеуде.
Сала қызметкерлерімен өткен жылы анықталған 5822 құқық бұзушылықтың ішкі істер органы құзіретіне кіретін баптары бойынша 2369 құқық бұзған азаматқа ескерту берілсе, 23 адам әкімшілік қамаққа алынды. Ал, 640 азаматтың ісі әкімшілік шара көру үшін аудандық сотқа жолданып, 2790 азаматқа түрлі деңгейде айыппұл салынды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
 
09 сәуір 2018 ж. 1 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 044

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031