» » Пандемия "омикронмен" аяқталуы мүмкін

Пандемия "омикронмен" аяқталуы мүмкін

Данияның Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының техникалық директоры Тира Гроув Краузе «омикрон» штамымен COVID-19 пандемиясы аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ол мұндай пайымды аталған штамның ерекшелігін ескере отырып шығарғанын айтады.
Өйткені бұрынғы штамдарға, оның ішінде «дельтаға» қарағанда «омикрон» жұқтырғандарда сырқат жеңіл өтеді. «Омикрон» жұқтырғандар арасында ауруханаға түсу қаупі екі есе төмен,-дейді ол.
Оның айтуынша, желтоқсанда омикрон жұқтырған 20 науқастың тек біреуі ғана интенсивті терапияны қажет еткен. Алайда вирустың бұл нұсқасы бұрынғыларға қарағанда тез тарайды және вакциналық қорғанысты бұза алады.
Айта кетсек, 2021 жылдың 26 қарашасында жаңа штамға «омикрон» атауы берілді. ДДҰ-ы «омикрон» штамы құрамында бірнешге мутация бар екенін мәлімдеп, алаңдаушылық білдірді.

04 қаңтар 2022 ж. 595 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 435
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 277

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728