» » Ғалымдар "омикроннан" қорғанудың жолын айтты

Ғалымдар "омикроннан" қорғанудың жолын айтты

Ғалымдар коронавирустың "омикрон" штамынан топтық спецификалық иммунитеттің қорғай алатынын мәлімдеді. Мұндай иммунитет вирустың бірнеше нұсқасын жұқтырғаннан кейін пайда болады. Бұл туралы Ресей Федерациясы Гамалеи атындағы орталықтың профессоры, вирусолог Александр Бутенко мен Энгельгард атындағы Молекулярлық биология институты зертхана басшысының орынбасары Петр Чумаков айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

омикрон
"Вирустың түрлі генотипінің қосылуы адамдарда топтық спецификалық иммунитетті қалыптастырады. Яғни түрлі генотиптерден қорғай алады. Бұл вакцинамен қатар ұжымдық иммунитеттің пайда болуына әсер етеді. Осылайша түрлі нұсқалардың жұғуынан қорғайтын топтық спецификалық иммунитет түзіледі", - деп мәлімдеді Александр Бутенко. 
Чумаковтың сөзінше, мутация салдарынан омикрон штамының S-ақуызында айтарлықтай өзгеріс болған. Бұл вакцинадан кейін пайда болған антиденелерді айналып өту қабілетін арттырады.
"S-ақуызынан басқа да түрлі антигендер бар. Егер адам вирус жұқтырып, айығып шықса, оның ағзасында барлық антигендерге қарсы антидене түзіледі. Сондықтан омикрон жұқтырған кезде, антиденелер жұмыс істей бастайды. Бұл – топтық спецификалық иммунитет", - деп түсіндірді Петр Чумаков. 

29 желтоқсан 2021 ж. 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 528
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031