» » "Омикрон" қауіп төндіретін адамдар тобы аталды

"Омикрон" қауіп төндіретін адамдар тобы аталды

Ресейлік вирусолог, геномдық инженерия зертханасының басшысы Павел Волчков URA.ru басылымына берген сұхбатында коронавирустың жаңа штамы қауіп төндіретін адамдар тобын атады. 

Омикрон
Ғалымның сөзінше, мұндай топқа коронавируспен ауырмаған және екпе алмаған азаматтар кіреді. Ал бұрын вируспен ауырғандар мен вакцина салдырғандарға жаңа штамм үлкен қауіп төндіре алмайды. 
"Қазір вируспен ауырғандар мен вакцина алғандар саны көп. Мұндай адамдарда "омикрон" жеңіл өтеді. Апдейт секілді. Бұл біздің иммундық жүйемізге "омикрон" алдында жетіле түсуге мүмкіндік береді. Ал вирус жұқтырмаған адамдарда ауру ауыр өтуі ықтимал", - деп мәлімдеді Волчков. 
Сонымен қатар вирусолог коронавирустың бұрын-соңды ауырмаған адамдарға жұғыуы қиындай түскенін айтты.
"Дельта" және "омикронға" вирус жұқтырмаған адамдарға жұғу қиындай түскен. Себебі мұндай адамдар екі жыл көлемінде иммунологиялық буферде болды. Осыған қарағанда олардағы жеке иммунитет вирусқа қарсы тұра алған", - деп түсіндірді маман. 
Вирусолог Петр Чумаков созылмалы ауруы бар адамдарға COVID-19-дың әлі де қауіп төндіретінін қосып өтті. 
"Созылмауы ауруы бар қарт адамдар, әлсіреген адамдар, яғни вирусты жеңу үшін күш-қуаты жетпейтін адамдарда ауру ауыр өтеді", - деді В.А.Энгельгард атындағы Молкулярлық биология институты пролиферация жасушасы зертханасының меңгерушісі. 
Чумаков "омикрон" штамының балалар үшін де қауіпті екенін айтып өтті. 
"Жастар мен балалар жиі ауырады. Ал кішкентай балаларда ауыр инфекциялармен күресу үшін күш жеткіліксіз. Сондықтан олардың арасында да мәселе туындауы мүмкін. Алайда әзірге "омикрон" жұқтырған соң қандай қиындықтар пайда болатыны белгісіз", - деді профессор. 
20 желтоқсан 2021 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 049

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031