» » Pfizer компаниясы вакцинаның төртінші дозасын енгізу қажет екенін мәлімдеді

Pfizer компаниясы вакцинаның төртінші дозасын енгізу қажет екенін мәлімдеді

Pfizer компаниясының атқарушы директоры Альберт Бурла коронавирусқа қарсы вакцинаның төртінші дозасын енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды  Daily Mail басылымы. 

Альберт Бурла
Оның сөзінше, ол вирустың жаңа нұсқасы пайда болғанға дейін бірнеше апта бұрын бустерлік доза жайлы айтқан. 
Препараттың үш дозасы осы қыста адамдар үшін жақсы қорғаныш бола алады. Дегенмен ғалымдар иммунитеттің қашан әлсірейтінін нақты айта алмайтынын да қосып өтті. 
"Менің ойымша, бізге төртінші доза қажет. Бұл туралы бірнеше рет айттым. Бұрынғы нұсқаларға келетін болсақ, мен мұны үшінші дозадан кейін, 12 айдан соң пайда болады деп топшылағанмын. "Омикронмен" жағдай бөлек. Ақпарат аз болғандықтан күте тұруымыз керек. Төртінші доза бізге жақын арада керек болып қалуы да мүмкін", - деп мәлімдеді Бурла. 
Pfizer бұған дейін вакцинаның екі дозасы омикронға қарсы тұра алмағанымен, "ауыр жағдайлардың" алдын ала алатынын хабарлаған. Тәуелсіз сарапшылар өзге вакциналармен де солай болады деп болжады. 
12 желтоқсан 2021 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 225
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031