» » COVID-19: Әлемдегі вакциналау

COVID-19: Әлемдегі вакциналау

Әлемде бұл індетті 229 миллионнан астам адам жұқтырған. Қазақстанның 4 өңірінде коронавирустың жаңа штамы анықталды. Австралия коронавирусқа қарсы 12 жасқа дейінгі балаларды вакциналауға ниетті. Оңтүстік Кореяда халықтың 70 проценттен  астамы вакциналанған. Шолып көрейік.
Денсаулық сақтау министрлігі ағым­дағы жылдың шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісі­мен коронавирустық инфекцияға генети­калық зерттеу жүргізді. Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстан Рес­публикасында 96 үлгіде штамдар айналымы белгіленген (Delta «Үнді штамы» – 57 (59,4%), Alpha «Британдық» – 24 (25%), «Ухань» коронавирусы – 10 (10,4%) және eta «Нигерия» – 5 (5,2%)). Eta «Нигерия» штамының айналымы 4 өңірде анықталды. Олар, Қарағанды – 1, Маңғыстау – 2, Павлодар – 1, Нұр-Сұлтан – 1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осы жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша «Eta» штамы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штамдарға жатады. Клиникалық белгілері Alpha (Британдық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б) сияқты.
Pfizer фармацевтикалық компания­сының мәліметтеріне сәйкес, COVID-19 вакцинасы 5 пен 11 жас аралығындағы балаларды аурудан тиімді қорғай алады деп мәлімдеуде. Осыған байланысты, 21 қыркүйекте Австралияның Денсаулық сақтау министрі Грег Хант Австралиядағы Pfizer басқарушы директорына вакцинаны балаларға қолдану туралы мәліметтерді сұрады. Австралия үкіметі 12-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге иммундау басталғанын жариялады. 21 қыркүйектегі жағдай бойынша 16 жастан асқан Австралия халқының 47,7% толығымен егілген. Оңтүстік Кореяда 21 683 адам COVID-19-ға қарсы вакцина алған. Қазіргі таңда елде вакцинаның алғашқы дозасын 36 527 829 адам алған. Оңтүстік Кореяда вакциналау деңгейі 71,1% құрады. Нақтырақ айтқанда, Pfizer препаратымен 19 749 504 адам, AstraZeneca препаратымен – 11 086 402 адам, Janssen препаратымен – 1 415 404 адам, Moderna препаратымен – 4 276 519 адам егілген. Өткен тәулікте вакцинаның екінші дозасын 9572 адам алған. Жалпы алғанда вакцинаның екі дозасын 22 180 500 адам алған.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің Бас хатшысы Мариос Фемистоклеус 20 қыркүйектегі брифинг барысында COVID-19 вакцинасының үшінші дозасын алуға 60 жастан асқан Грецияның барлық тұрғындары мен медицина қызметкерлері 30 қыркүйектен бастап жазыла алатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, иммунитеті төмен науқастар вакцинаның үшінші дозасын алуға құқылы. 14 қыркүйектен бастап бұл құқықты 13 175 адам пайдаланған. Сондай-ақ, ол қарттар үйінің тұрғындары вакцинаның үшінші дозасын алуға кезекте тұрғанын, келесі аптада олар үшін онлайн-брондау ашылатынын атап өтті.
Индонезияның Денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикин корона­вирустық вакцинаны аптасына 10 миллион адам ала бастады деп мәлімдеді. Қазіргі таңда Индонезия халқы коронавирусқа қарсы вакцинаның 125,7 миллион дозасын алған. Министр Индонезия халқының 35% вакцинамен қамтылды деп мәлімдеді. Вакцинаның алғашқы дозасын 75 миллион адам алды, ал 45 миллион адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын алған. Вакцинаның жалпы 169 миллион дозасы Индонезияның барлық өңіріне таратылған. Индонезия Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, қазіргі уақытта елде коронавирусқа қарсы вакцинаның 262 миллион дозасы бар.
Дайындаған Айнұр ӘЛИ
29 қыркүйек 2021 ж. 683 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 059

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031