» » Омикрон штаммының бес негізгі белгісі анықталды

Омикрон штаммының бес негізгі белгісі анықталды

Британдық ғалымдар COVID-19 омикрон штаммының ерте белгілері кәдімгі суық тиюге ұқсайды деген мәлімдеме жасады. 

тұмау
Коронавирустың омикрон штаммының алдын ала белгілері суық тиюге ұқсайды және дельта штаммынан туындаған аурудың жеңіл түріне ұқсас. Zoe covid Study қосымшасын жасаған Британдық ZOE компаниясының ғалымдары осы жайлы мәлімдеді.
Сарапшылар COVID-19-дың үш "классикалық" белгілері: қызу көтерілу, жөтел және дәм мен иіс жоғалуы омикрон жұқтырғандардың жартысында ғана тіркелгенін атап өтті. Сонымен қатар, олар вирустың жаңа түрінің бес негізгі белгілерін атады: бас ауруы, мұрыннан су ағу, түшкіру, тамақ ауыру және қатты әлсіздік.
Ғалымдардың айтуынша, кейбір пациенттер тәбеттің жоғалуына және бас айналу сезіміне шағымданады.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс адамдарды омикрон  штаммының таралуынан қорғау үшін жаңа жылдық мерекелерді тойламауға шақырды. Ол сонымен қатар жаппай іс-шараларды өткізуді кейінге қалдыруды қажет шешім деп атады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының айтуынша, егер әлем халқының 70 пайызы вакцина алса, COVID-19 пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін.
26 желтоқсан 2021 ж. 752 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 026
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 697

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031