» » Битлдардан кейін әлемді мойындатқан музыкалық топ

Битлдардан кейін әлемді мойындатқан музыкалық топ

Битлдардан кейін әлемді мойындатқан музыкалық топ
Beatles тобынан кейін әлемді мойындатқан британиялық тобы Spice Girls 1994 жылы құрылған.
Эмма Бантон, Джери Холлиуэлл, Виктория Адамс (тұрмысқа шыққаннан кейін Бекхэм), Мелани Браун, Мелани Чисхолм есімді 5 арудан тұратын команда 2008 жылға дейін өнер Олимпынан түспеді. Олардың атағы барша жер-жаһанға мәлім болатын.
Поп музыка өнері тарихындағы ең танымал герлз-бендтің экспозициясы болады. Лондондық "Бизнес Дизайн Орталығында" өткізілетін көрмеде осы топ мүшелерінің жеке заттары қойылады.
Бұл заттардың кейбірі көрмеде алғаш рет көрсетіледі. Көрменің кураторы Алан Смит-Эллисон бүкіл әлемнің коллекционерлерімен және дизайнерлерімен бірге Spice Girls-тің тарихын бейнелейтін экспозиция жасады. Экспонаттардың бірі – Spice World музыкалық комедиясындағы Spice Bus түпнұсқасы. Ұйымдастырушылар Spice Up көрмесіне келушілерге басқа да іс-шаралар ұсынады, соның ішінде би сабақтары мен автобус турларын жасау жоспарда бар. Көрменің сипаттамасында жазылғандай, бұл «әлемдегі ең феноменалды топқа арналған ең үлкен трибьют».
Жалпы, олардың қайта бас қосып, сахнаға шыққанын күтіп жүрген жанкүйерлер легі бір қуанышты хабардың боларын сезеді. Өйткені, Виктория Бекхэм өз инстаграм парақшасында топтың мүшелерімен түскен суретті жариялап: "Love my girls!!! So many kisses!!!"- деген жазба қалдырды. Бұл жиынның себебі не екені әзірге белгісіз.
Осыдан жарты жыл бұрын The Sun басылымы топ мүшелері қайта бірігіп, альбом жазады деген ақпарат таратты. Ол кезде Пош Спайс атымен танылған Виктория Бекхэм мұның жалған ақпарат екенін айтқан болатын.
09 сәуір 2018 ж. 1 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 199

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930