» » » «Сәлем, Ұлы дала!» – «7 арна» ұсынатын интерактивті музыкалық шоу

«Сәлем, Ұлы дала!» – «7 арна» ұсынатын интерактивті музыкалық шоу

«Сәлем, Ұлы дала!» – «7 арна» ұсынатын интерактивті музыкалық шоу
«7 арна» өз көрермендерін музыкалық, ойын-сауықтық контентімен таңғалдыруды тоқтатпақ емес. «Сәлем, Ұлы дала!» шоуы – «Тұмар» телевизиялық премиясында «Жыл оқиғасы» номинациясын жеңіп алған белгілі қазақстандық продюсер Жан Мукановтың жаңа туындысы.
Жоба каналдың «Бірге болған жақсы» ұстанымына сай келеді, барша белгілі қазақстандық орындаушылар қатысады. Бірінші эфирдің хедлайнері Айқын Төлепберген болады, ал оның түсірілімі кезінде сіздер Дастан Оразбеков, Луина және басқа әншілердің өнер көрсетуін тамашалай аласыздар.
«Сәлем, Ұлы дала!» түсірілімі астананың әр тұрғыны мен қонағына жақсы таныс «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында әр жексенбі күні сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін болады. Шоу тікелей эфирде трансляцияланады және де орталықтың кез-келген қонағы оны тамашалай алады.
Бағдарламаның жүргізушілері – танымал актер Тауекел Мүсілім мен Гүлназ Жоланова. Ал, келесі түсірілім жұмысына қонақ ретінде Қазақстанның жас әрі атақты тұлғалары шақырылмақ.
Телешоу көрермендері "Impressario Live" аталатын арнайы айдарды тамашалай алады. Онда әртістер ең өзекті және эксклюзивті жаңалықтарымен, жоспарымен бөліседі, үздік 7 әнді таңдайды. Ойын-сауық орталығының қонақтары концерт барысында-ақ интерактивті дауыс беру арқылы жеке хит шеруін жасай алады. Ал, оның нәтижелерін бағдарлама соңында және күнделікті арнайы шығарылымдарда көрсетеміз.
Осы жобаны ұсыну арқылы «Жетінші арна» ойын-сауық шоу-бағдарламаларын шығарудың жаңа бағдарларын айқындайды деп сеніммен айта аламыз. Бірінші концерт 8 сәуірде, сағат 19.00-де басталады.
05 сәуір 2018 ж. 1 141 1

JeaCold от 26 ақпан 2019 14:47
Buy Xenical America viagra online prescription Priligy Does It Work Cialis Online Shopping Hk

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031