» » 9 күдікті қамауға алынды: Қызылорда облысындағы атыcқа қатысты жаңа деректер шықты

9 күдікті қамауға алынды: Қызылорда облысындағы атыcқа қатысты жаңа деректер шықты

Қызылорда облысында аса ауыр қылмысқа қатысты тоғыз күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми сайты.

задержан
Ішкі істер министрлігі 15 желтоқсанда Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам ауылында жастар тобы арасында атыс қаруын қолданудан жанжал болғанын еске салды.
Оқиға салдарынан аялдамада болған кәмелетке толмаған үш бала оқтан жарақат алды.
"Аталмыш факті ҚР ҚК-нің "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тәртіп сақшылары жараланған жасөспірімдер дер кезінде ауруханаға жеткізілгенін, оларға көмек көрсетілгенін айтты. Олардың біріне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін сол күні үйіне жіберілсе, екі кәмелетке толмаған бала дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты.
Полицейлердің жедел әрекетінің нәтижесінде сегіз күдікті ұсталды. Сонымен қатар, кешенді жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауда атыс қаруын қолданып жасаған басты күдіктіні ұстады, ол жасаған әрекетін толық мойындады.
Айғақты зат ретінде одан қылмыс құралы тәркіленді. Барлық тоғыз азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабының (қамауға алу негіздері) талаптарына сәйкес қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, олар қамауға алынды.
18 желтоқсан 2021 ж. 788 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 373
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 148

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930