» » Жасөспірімдерді суицидке итермелейтін топтың «кураторы» ұсталды

Жасөспірімдерді суицидке итермелейтін топтың «кураторы» ұсталды

Жасөспірімдерді суицидке итермелейтін топтың «кураторы» Түркістан облысында ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, топ жетекшісінің тұлғасын анықтау интернет желісіне мониторинг жүргізу кезінде мүмкін болған. ІІМ Криминалдық полиция және тергеу қызметкерлері кәмелетке толмаған қазақстандықтардың қатысуымен өз-өзіне қол жұмсау сипатындағы топ туралы ақпарат тапқан. Бұл топтың мүшелерін анықтау және ұстау үшін ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл орталығының және Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.


Одан арғы жұмыс барысында полицейлер интернетте ұйымдастырушының ның жеке-бас деректері мен мекенжайын анықтап, қолға түсірген. Ол Арыс қаласының тұрғыны болып шықты.

«Оның үйін тінту кезінде ноутбук, ұялы телефон, сим-карта салынған 3 қорап және басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Телефонынан Telegram-да ашылған суицидтік бағыттағы каналдар болды. Қазіргі уақытта аталған жайт адам өлтіруге оқталу бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын тексеруде. Сондай-ақ жасөспірімдерді осындай өлімге әкелетін ойындарға қатыстыруы мүмкін адамдарды және арна қатысушыларының өздерін де анықтау үстінде», - деп атап өтті ІІМ-нен.

Министрлік ата-аналарды балалардың виртуалды өміріне бақылауды күшейтуге шақырады. Және шұғыл қажетті шаралар қабылданатын осыған ұқсас жайттар орын алса, тез арада полицияға хабарлауды сұрайды.


17 маусым 2020 ж. 981 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 835
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 106

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930