» » Бірнеше полицей ұсталды

Бірнеше полицей ұсталды

Полицейлер адамдарды алдап, қылмыстық істі жеңіл санатқа ауыстырамыз болмаса жазаны жеңілдетеміз деп пара алған. Алматы облысында бірнеше полиция қызметкері жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды sputniknews.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Полиция майоры, Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы және аға лейтенант, Түрксіб аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторына қатысты азаматты алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы күдіктінің ісін неғұрлым жеңіл санатқа қайта саралау желеуімен 1 250 000 теңге ақшасын иемденгені үшін Алматы қаласында сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.
Бұдан бөлек, Қарасай ауданы полиция басқармасы тергеушісінің қылмысы әшкереленді.
Ол басқа тергеуші жүргізіп жатқан қылмыстық іс бойынша бас бостандығын шектеуге байланысты жазаны ауыстырамын деп алдап, біреудің 2,5 миллион теңгеге жуық ақшасын иемденіп кеткен.
Бұл фактілер бойынша тергеу жалғасып жатыр.
Күдіктілердің кінәсінің деңгейін сот анықтап, шешім қабылдайды.


09 қазан 2019 ж. 1 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 329
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 771

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 92

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930