» » Мас жүргізуші үш полицейді көлігімен қағып кеткен

Мас жүргізуші үш полицейді көлігімен қағып кеткен

Түркістан облысында құжаттарды талап ету кезінде мас жүргізуші тәртіпке бағынбай, алдында тұрған екі полицейді соғып кеткен. Тәртіп бұзушыны тоқтатуға әрекет жасаған үшінші полицейді автокөлігімен сүйрей өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Жетісай ауданында жүргізілген кезекті рейд кезінде болды. Тәртіп сақшылары рейд барысында қала көшелерінің қиылысында себепсіз жүрген «Mercedes-Benz» автокөлігін тоқтатпақ болған. Алайда ол полицейлерді көлігімен соғып, оқиға орнынан ізін суытқан. Салдарынан үш полиция қызметкері түрлі дене жарақатын алып, оларға медициналық көмек көрсетілген.

«Жетісай аудандық ПБ қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтап, оны ұстауға полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Жедел-іздестіру шаралары барысында жүгенсіз жүргізуші ұсталды. Медициналық куәландыруға сәйкес тәртіп бұзушы «орташа дәрежеде» мас болғаны және есірткі пайдаланғаны анықталған. Оқиға ҚР ҚК-нің 379-бабы «Билік өкіліне бағынбау» және 380-бабы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынып, оның автокөлігі айып тұрағына қойылды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.




20 сәуір 2020 ж. 1 060 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930