Құрылтай
» » Полицейді балағаттаған тұрғын ұсталды

Полицейді балағаттаған тұрғын ұсталды


Қызылорда облысының Жалағаш ауданында полицейлерді балағаттаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
Жалағаш ауданында облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға тіл тигізген. 14 сәуір сағат 22:30 шамасында Бұқарбай батыр ауылының тұсында орналасқан санитарлық бекетте «Toyota-camry» маркалы автокөлігінің жүргізушісіне полиция қызметкерлері Жалағаш кентіне кіруге рұқсат бермейді.
Осы сәтте көлік жүргізушісі полиция қызметкерлерін балағаттап, заңды талаптарына бағынбай, полицейлердің бірінің аяғын көлігімен басып өтіп, оқиға орнынан бой тасалаған.
Жалағаш ауданының полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекеттері нәтижесінде билік өкілін қорлаған азамат ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Бұл азаматқа қатысты карантин режимін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік іс қозғалып, аудандық сотқа жолданды.
Жалағаш аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы екі тәулікке қамаққа алынды. Одан бөлек, билік өкілін қорлау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен (билік өкілін қорлау) сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда күдіктіні қолхатпен босатқан.
16 сәуір 2020 ж. 1 044 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 613
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 078

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31