Құрылтай
» » Жол қауіпсіздігін қолдаймыз

Жол қауіпсіздігін қолдаймыз

№26 орта мектеп жанындағы Е.Қойшыбаев атындағы интернатта «Жол қауіпсіздігін қолдаймыз» атты шара болып өтті. Кешке мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Әбдіқадыров, мектеп инспекторы С.Шүкіров, облыстық жастар денсаулығы орталығының Қармақшы құрылымдық дәрігері Ұрхия Тұрмағанбетова, облыстық жастар жастар денсаулығы орталығының Қармақшы құрылымдық медбикесі Мерует Нұрғалиева, интернаттың аға тәрбиешісі С.Тәнкеева қатысты.
Шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.Әбдіқадыров ашып, тақырыптың өзектілігіне тоқталып өтті. Интернат тәрбиешісі Н.Әдіқасованың ұйымдастыруымен өткізілген шара бірнеше бөлімдерге бөлінді. Алғашқы бөлімде қатысушыларға «Жол трамватизімінің алдын алу» жайлы сұрақтар мен тапсырмалар берілді. Бұл тұрғыда оқушылардың таным қабілетін арттыратын «Велосипедпен неше жаста жүруге болады?», «Көшеде бағдаршам болмаса не істеуге болады?», «Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жүруге рұқсат етілген?» деген сияқты қызықты сұрақтар қойылды. Сондай-ақ оқушылар жол ережесін сақтауға бірнеше көрініс қойып, көремендердің ыстық ықыласына бөленді.
Н.Әбдіқасова,
№26 орта мектебі жанындағы
интернат тәрбиешісі.
06 сәуір 2018 ж. 2 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 644
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 104

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31