» » Ауылшаруашылығы саласына бөлінген 2 триллион теңгенің дауы: Министрлік мәлімдеме жасады

Ауылшаруашылығы саласына бөлінген 2 триллион теңгенің дауы: Министрлік мәлімдеме жасады

Ауыл шаруашылығы министрлігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ведомство ішінде жүргізіп жатқан тергеулерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Министрлік президент тапсырмасына сәйкес ауыл шаруашылығын субсидиялау тетіктірін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бірлесіп проблемаларды шешу жолдарын әзірлейтін арнайы жұмыс тобын құрды.
"2021 жылдың 9 тамызы мен 20 қыркүйегі аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Тексеру мерзімі екі рет 30 қыркүйекке дейін және 15 қазанға дейін ұзартылды. Тексеру жүргізу кезінде саланы субсидиялау бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге талдау жасалды, олқылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленді", - деп хабарлады министрлік.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығын субсидиялаудың жаңа тәсілдері әзірленді.
Ол субсидиялау бағытын жеңілдетуді көздейді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізудің мөлшері мен нысанына қарамастан, барлық субъекті үшін мемлекеттік қолдау шараларының тең қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
Субсидия алушылардың нәтиже көрсетуі бойынша олардың жауапкершілігін арттыратын нормалар енгізіледі.
"Асыл тұқымды мал шаруашылығының заңнамалық базасын одан әрі жетілдіру, оған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық болдырмайтын қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тиісті заң жобасы қазір парламент мәжілісінде қаралуда", - деді ведомство.
Жануарларды есепке алу және жануарлар туралы ақпаратты ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорына беру процесін автоматтандыру бойынша ветеринария саласының қызметтерін цифрлы форматқа көшіру жоспарланған.
Субсидиялаулау бойынша жұмыстың барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қатаң сараптамадан өтеді.
Айта кетсек, 4 қарашада моноқалаларды дамыту жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаржы туралы айтып, министрлікті сынға алған болатын. Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығын субсидиялауға 2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінген.
"Нәтижесінде не болды? Бюджет қаражаты жан-жаққа шашылады, олардың жұмсалуына бірыңғай бақылау жоқ. Экономикалық маңызы жағынан да нәтиже жоқ", - деді президент.
Сондай-ақ бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы ауқымды операциясы нәтижесінде ауыл шаруашылығы министрлігіне бағынысты бөлімшелер мен ұйымдардың және Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының және Ақмола, Түркістан, Жамбыл облыстары, Шығыс Қазақстан, батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының әкімдіктерінің лауазымды тұлғаларынан тұратын қылмыстық топтар әшкереленгенін айтқан болатын. 
05 қараша 2021 ж. 270 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031