» Ішкі талдау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтуға болады

Ішкі талдау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтуға болады

Бүгінгі күні елімізде қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимылтөмендегі шаралар негізінде жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтау, қаржылық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау,сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жою және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
Аталған шаралардың ішіндегі сыбайлас жемқорлыққа ішкі талдау институтына тоқталып өтсем.
Ішкі талдау жүргізу арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері өз қызметіндегі нормативтік құқықтық актілердегі, сонымен қатар, ұйымдық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндіктері бар.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою немесе азайту арқылы ішкі талдау жүргізген субъект өзінің қызметіндегі әкімшілік кедергілер мен орын алуы мүмкін сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын ала алады.
Аталған ішкі талдау «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы
№ 12 бұйрығымен жүзеге асырылады.
Қызылорда облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментімен облыс аумағындағы мекемелер мен ұйым қызметкерлеріне ішкі талдау жүргізу механизмі мен тәртібінтүсіндіру бойынша кездесулер, оқыту семинарлары ұйымдастырылуда.
Дегенмен де, қазіргі кезге дейін кей мекемелер аталған ішкі талдау жұмыстарын сапасыз орындап, нәтижесінде сол мекеме қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға бой алдырып жатады.
Сондықтан, ішкі талдаудың басты мақсаты сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және берілген өкілеттіктердің тәуекелдерінбарынша азайту болып табылады.
Департмент ішкі талдау жүргізетін субъектілерге әдістемелік көмек көрсетуге әрдайым дайын.
Сонымен қатар, тиісті мекемелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ақпаратты департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі https://www.facebook.com/antikor.kyzylorda/ парақшасына жолдауларыңызға болады.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы кез келген құқық бұзушылық бойынша хабарламаларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тәулік бойы жұмыс жасайтын 1424 Call-орталығына хабарлай аласыз, қоңырау шалу тегін. Сіздің хабраламаңыз міндетті түрде қаралатын болады.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Қызылорда облысы бойынша департаментінің
бас маманы Искаков Мұрат Бектұрғанбекұлы
---
27 наурыз 2020 ж. 711 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 189

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 145

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 306

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930