» » Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнап үш кеңес айтты

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнап үш кеңес айтты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өскелең жас ұрпаққа арнап үш кеңес айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


"Біріншісі – олар міндетті түрде білім алып, мамандық игеруі қажет. Барлығы бірдей университет тәмамдауға тиісті емес. Кеннедидің әкесінің төрт ұлы болған. Әкесі әр таңда таңғы ас үстінде былай деген екен: "Сен кім болмасаң да: футболшы, шаштараз, аспаз, машинист – өз ісіңнің шебері бол, сені білімің үшін сыйлайтындай маман бол. Кез келген мамандықта сені сыйлап, сенің көмегіңе әрдайым мұқтаж болардай деңгейге жет". Мысалы үшін, барлығын білетін сантехникті алмастыру мүмкін емес қой. Бүгінде тағамды дәмді етіп жасайтын аспаз жақсы табыс табады және ол қолдан қолға тимейді. Мұндай талап басшыға да, инженер, дәрігер, ғалымға да қатысты. Мамандықты таңдадың ба соның биік шыңына шығуың қажет", - деді Елбасы Хабар 24 арнасына берген сұхбатында.
Нұрсұлтан Назарбаев екінші денсаулықты жақсы күтуді тапсырды.
"Өмір өте қатал және адамды қиын сынақтар күтіп тұрады. Сондықтан денсаулығың мықты болмаса жұмыс та жасай алмайсың тиісінше бақытты да бола алмайсың. Сондықтан спортпен үнемі айналысу қажет", - дейді ол.
Үшінші кезекте тұңғыш президент жастарды отансүйгіштікке шақырады.
"Үшінші – өз отаныңның нағыз патриоты болу қажет. Егер сенің еліңде барлығы дұрыс болса – мемлекет тұрақты болады. Қазақстанды сүйсең – ол гүлденеді. Адамдар да тыныш өмір сүреді, сенің де ұйқың тыныш.
Бірнәрсеге қызығу хобби болу қажет. Мынадай қарапайым қағидаларға баса назар аударған дұрыс: білім, мықты маман болу, өз еліңді сүю және дені сау азамат болу", - деп қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.
22 қазан 2021 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 003

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031