» » "Өкінбеймін": Назарбаев халық үшін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты

"Өкінбеймін": Назарбаев халық үшін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты

Сұқбат барысында Елбасы президент өкілеттігін мерзімінен бұрын неге тоқтатқанын да түсіндіріп өткен. Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасына сұқбат берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай твиттердегі парақшасында хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан
"Елбасы "Хабар" телеарнасына сұқбат берді. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев "қос билік" жайлы қауесетке қатысты түсініктеме беріп, президент өкілеттігін неге тоқтатқанын айтты", - деп жазды ол.
Журналист Назарбаевтан президент өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанына өкінбейсіз бе деп сұрады.
"Әрине, өкінбеймін. Себебі бұл жан-жақты ойластырылған шешім болды. Біріншіден, мемлекет басқарған жылдары мені сайлаған халқыма алғыс айтамын. Екіншіден, өзгерістер қажет. Дүние бір орында тұрмайды, жаңа адамдар, жаңа кадрлар қажет. Кез келген басқа адамның өз көзқарасы болады. Сондықтан өкінбеймін, халық үшін, Қазақстан үшін дұрыс жасадым деп санаймын", - деді тұңғыш президент.
Твиттерде Назарбаевтың журналистерге берген сұқбатынан үзінді жарияланды. Сұқбаттың толық нұсқасы "Хабар" телеарнасынан ертең кешкі сағат 21:30-да көрсетіледі.
Нұрсұлтан Назарбаев  2019 жылдың 19 наурызында өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлім етті. Ол Қазақстанды отыз жылдай басқарды. Елбасы бір сұқбатында президенттік өкілеттігін тоқтатуға үш жылдан астам уақыт дайындалғанын айтқан болатын.
2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті.

11 қазан 2019 ж. 3 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728