» » Қорғаныс министрлігі: Оқ-дәрі қоймасында тағы бір жарылыс болды

Қорғаныс министрлігі: Оқ-дәрі қоймасында тағы бір жарылыс болды

Жамбыл облысындағы өрт шыққан инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында бүгін 12.20 шамасында тарсыл естілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнында адамдар болмаған. 
"26 тамыз күні өрт болған инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында бүгін, 29 тамыз күні 12:20 шамасында тарсыл естілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, оқиға орнында ешкім болмаған. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр", делінген ресми түсініктеме.
Еске сала кетсек, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді. Салдарынан 13 адам қаза тапты. 
Бүгін, 29 тамыз Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқан азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттады.
29 тамыз 2021 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930