» » Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін елімізде Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қаза болған азаматтарды еске алуға арналған Жалпыұлттық аза тұту күні


Ұлттық аза тұту күнін 28 тамызда республика президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялады. Ол қаза болған әскери қызметшілер мен құтқарушылар ерен ерлік пен нағыз жанқиярлық көрсеткенін және ерлеріміздің есімі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.
Бұл күні мемлекеттік ту аза тұту мерзімі аяқталғанша тутұғыр биіктігінің жартысына дейін түсіріледі.
Қазақстанда аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шекаралық дипломатиялық мекемелер ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Көңіл көтеретін шаралар мен телебағдарламалар тоқтатылады.
Еске сала кетсек, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағыоқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.
Төтенше жағайлар министрлігінің мәліметі бойынша, оқиға орнына ең жақын орналасқан 3 елді мекенде 1086 адам тұрады. Жарылыс кезінде олардың 710-ы облыс орталығына эвакуацияланған.
Жалпы оқ-дәрі қоймасындағы өрттің кесірінен база аумағында оннан астам жарылыс болған.
Соңғы дерек бойынша сол жарылыстардың салдарынан қаза тапқан әскерилер мен құтқарушылар саны 13 адамға жетті. Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрліктері әлі бірер адаммен байланыс орната алмай отыр.
27 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш төтенше жағдай бойынша шұғыл жиналыс өткізіп, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырған болатын.
Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әрбір қаза тапқан азаматтың отбасына 20 млн теңгеден астам қаржылай көмек қарастырылғанын айтты. Қажет болса, тұрғын үй мәселесін жергілікті әкімдікпен бірге шешуге болатынын да жеткізді.
Қаза-тапқан әскерилердің есімдері:
1. 1981 жылы туған сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай.
2. 1979 жылы 8 қазанда туған старшина Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков.
3. 1981 жылы 20 маусымда туған ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов.
4. 1969 жылы туған әскерилендірілген күзет қызметшісі азамат Оразбек Дайырбекұлы Дәлібаев.
5. Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры әділет полковнигі Арман Қапезов.
Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.
1. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қ. 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы Арнұр Серікұлы Темірболатов.
2. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қ. 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы Елдос Қадырбайұлы Сандыбаев.
3. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі, өрт сөндіру басшысының орынбасары Александр Николаевич Микропуло.
4. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы Тәңіберген Кұдайбергенұлы Төребеков.
5. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары М.К.Айманов.
Тәртіп бойынша, Жалпыұлттық аза тұту күнінде мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктердің, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Ойын-сауықтық шаралар мен осы бағыттағы телебағдарламалар тоқтатылады.
Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері Қазақстанда аза тұту күні осымен оныншы рет жарияланып отыр.
29 тамыз 2021 ж. 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031