» » Қазақстандық жүргізушілер өтемақы ретінде қанша қаражат алды?

Қазақстандық жүргізушілер өтемақы ретінде қанша қаражат алды?

Қазақстандық жүргізушілерге былтыр көлікті сақтандыру бойынша 26,3 млрд теңге өтемақы төленген. Бұл өткен жылы орын алған жол-көлік оқиғаларының санының көптігін көрсетеді. Отандастарымыз қай ұйымның қызметіне көбірек жүгінді? Бұл туралы Stan.kz  материалын оқи аласыздар. 


ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, өткен жылы, барлығын алғанда 13 515 жол-көлік оқиғасы болған. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 19%-ға аз. Сонымен қоса, апатты жағдайлар күзде жиі болатын болса, жаз бен қыс мезгілдерінде сирек орын алатыны да анықталған. Ал көлік апаты мүлдем аз болатын уақыт – көктем мезгілі екен.
Тағы бір айта кетерлігі, ресми статистика бойынша жол-көлік оқиғаларына көбіне екі тарап та кінәлі болады. Демек бұл, тәжірибелі, жол ережесін жатқа білетін жүргізушінің өзі жол апатына кезігеді деген сөз. 
ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша, бәрін алғанда, 69 386 сақтандыру төлемдері жүргізілген. Егер жол-көлік оқиғаларының статистикасымен салыстыратын болсақ, оқиғалар саны мен міндетті автосақтандыру бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің сан айырмашылығы елеулі. Сақтандыру бойынша жүзеге асырылған төлемдердің саны жол апаттарының санынан 81%-ға жоғары.
Ұлттық банктің тағы бір дерегі бойынша 2020 жылы қазақстандықтар сақтандырудың осы үш түрі бойынша 26,3 млрд теңге өтемақы алған.
Өз кезегімізде біз Қазақстандағы жетекші орындарда келе жатқан сақтандыру компанияларынан жүргізушілерге жарты жылда төленген өтемақы жөніндегі ақпаратты сұратқан болатынбыз. Ұсынылған тиісті ақпараттармен төменде берілген кесте арқылы таныса аласыздар.

Кестеде көрсетілгендей ең көп келісімшарт рәсімдеген ұйым Nomad Insurance компаниясы екенін аңғаруға болады. Сонымен қатар өтемақы ретінде төленген сома мөлшері бойынша да атаулы ұйым көш бастап тұр. Бұл көрсеткіштен Nomad Insurance ұйымына халықтың артқан сенімі мен үмітін көруге болады.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген ұйымдар мен жүргізушілер арасында рәсімделген келісімшарттарының және өтемақы мөлшерінде төленген соманың арасында қатты айырмашылықтың болмауы, олардың ішінде жоғары бәсекелестіктің бар екенін білдіреді. Ал бәсекелестік бар жерде дамудың болатынына уақыт кепіл.
24 тамыз 2021 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 021

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031