» » Жүргізушіге жеңілдік

Жүргізушіге жеңілдік


Өткен жылы Мәжіліс отырысында жаңа заң туралы мәселе көтерілген болатын. Онда қазақстандық жүргізушілер өзімен бірге тек жеке куәлігін алып жүрсе жеткілікті екені, әрі көлік иесі туралы қалған мәліметтерді полицейлер планшеттен көре алатыны айтылды. Одан бері бірнеше ай өтті. Енді міне, 13 ақпаннан бастап көлік жүргізушілері өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi мен көлікті тіркеу құжатын алып жүруге міндетті емес.
Яғни қазақстандық көлік жүргізушілерден жеке басын куәландыратын құжат қана талап етілетін болды. ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайты жүргізушілерге арналған жаңа заң туралы жариялаған болатын. Онда «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. 2019 жылғы желтоқсанда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізуші құжаттарын ақпараттық жүйелер арқылы тексеру, жүргізушілерге құжаттардың қағаз нұсқаларын өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беру туралы мәселені көтеріп, ІІМ-ге заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тапсырды. Жаңа заң осы жылдың 13 ақпанынан бастап күшіне енеді» деген ҚР ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.
Министрдің айтуынша, бұл – заманауи технологиялық «сервистік» полицияны дамытуға бағытталған тағы бір қадам.
Жалпы заң бойынша жеке басты куәландыратын 12 құжат бар. Жүргізуші осы құжаттардың бірін көрсетуге құқылы. Ал сандық құжаттың бағыты әлі даму үстінде. Әзірге заңға сәйкес, жеке басты тек материалды құжаттар ғана куәландыра алады. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңының 2 бабында жеке басты куәландыратын құжаттардың тізімі көрсетілген. Оған қандай құжаттар жатады? Алдымен Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, жеке куәлігі, одан соң шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты, ҚР қызметтік паспорты, босқын куәлігі, ҚР теңізшісінің жеке куәлігі, шетел төлқұжаты, қайтып оралуға арналған куәлік, туу туралы куәлік, жол жүру құжаты.
Бұрын Қазақстанда жүргізушіге құжаттарының бірінің жоқтығы үшін ескерту (егер алғаш рет болса) немесе 5 АЕК айыппұл қарастырылған еді. Енді жүргізушілерге көлікті жүргізген кезде өзімен бірге тек бір ғана құжат – жеке басын куәландыратын куәлікті алып жүру ғана жеткілікті.
– Елде берілген жүргізуші, көлік құралын тіркеу куәлігін, сақтандыру полисін, техникалық байқаудан өткенін растайтын құжатты полицей планшет арқылы тексереді. Ал ғаламтор желісіне байланыс жоқ жерлерде, тас жолдарда тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ жол-патрульдік сақшылары «102» бірыңғай жүйелік нөмірі арқылы ақпараттарды ала алады. Жаңа нормалардың қазақстандық жүргізушілік куәлігі болмаған шетелдіктерге және Қазақстанда тіркелмеген көліктерді басқарушыларға қатысы жоқ, – дейді мамандар.
Айта кеткен жөн болар, көлікті құжаттарсыз басқарудың мұндай мүмкіндігі Грузия, Украина, Польша, Латвия, Литва секілді мемлекеттерде бар. Ол елдерде де ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілген. Тағы айтарлығы, азаматтар жеке куәліктің өзін ғана емес, оның электрондық нұсқасын да көрсетуі мүмкін. Ол қалтаоннан Е-gov қосымшасы арқылы жүзеге асырылмақ. Алайда мұндай талап әзірге заң жүзінде енгізілген жоқ. Тек алдағы уақыт еншісінде.
Айнұр ӘЛИ
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет)
16 ақпан 2021 ж. 480 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031