Топ-баннер
» » Жүргізуші куәлігі орнына көрсетуге болатын 12 құжат

Жүргізуші куәлігі орнына көрсетуге болатын 12 құжат


Қазақстанда 13 ақпаннан бастап көлік жүргізушілері өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi және көлікті тіркеу құжатын алып жүруге міндетті емес. 

ІІМ әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары Серік Түсіпов жүргізушілерге қандай құжат қажет екенін түсіндірді. 

"Заң бойынша жеке басты куәландыратын 12 құжат бар. Жүргізуші осы құжаттардың бірін көрсетуге құқылы. Ал сандық құжаттарға келер болсақ, бұл бағыт әлі дамып жатыр. Әзірге заңға сәйкес, жеке басты тек материалды құжаттар ғана куәландыра алады", - дейді ІІМ өкілі.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңының 2 бабында жеке басты куәландыратын құжаттардың тізімі көрсетілген. Оған мына құжаттар жатады: 

1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

3. шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;

4. азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

5. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты;

6. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты;

7. босқын куәлігі;

8. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі;

9. шетел төлқұжаты;

10. қайтып оралуға арналған куәлік;

11. туу туралы куәлік;

12. жол жүру құжаты.

12 ақпан 2021 ж. 965 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (10480)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (10479)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728