» » Адам аяғы көп орындарда өрт қауіпсіздігі тексеріледі

Адам аяғы көп орындарда өрт қауіпсіздігі тексеріледі

Бүгіннен бастап 2 ай көлемінде адам көп шоғырланған нысандардың өрт қауіпсіздігі тексеріледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов мәлімдеді. 

 Тұрғындар көп жиналатын орындар, 15 сауда үйі, оның ішінде "Жібек жолы" ойын-сауық орталығы, "Мұз айдыны" спорт кешені, "Арай" спорт-сауықтыру кешені және базарлардағы өртке қарсы қауіпсіздіктің сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізілмек.
Сонымен қатар, облыстағы 300-ден астам жеке балабақша да тексеріледі. Оқыс оқиға орын алғанда шаралардың дайындығы пысықталады. Отқа тез жануға бейім құрылыс материалдары, жоғары қабатта орналасқан ойын-сауық алаңдарының орналасуының да заңдылығына толық тексеру жүргізіледі. Өткен жылы осы нысандарды тексеру  кезінде 86 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғандығы анықталған еді.  Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержановтың айтуынша, жоспардан тыс тексеру 2 ай уақытқа созылмақ.  
Сондай-ақ, қалада 20 наурыздан бастап тазалық айлығы басталды. Осыған орай, тұрғындар тарапынан өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамау қажеттігі ескертілді.   
"20 наурыздан бүгінге дейін 52 рет өрт сөндірушіге дабыл қағылған. Оның 7-і өрт болса, 45 өртке жатпайтын жану орын алған. Қураған шөптерді өртеудің соңы жалынға ұласқан. Желдің күшті болуынан тіптен қора, одан қалды 2 автокөлік өртенген. Сенбілікке шыққандар шөпті өртегенде мұқият болса дейміз", - деді О. Бержанов.
03 сәуір 2018 ж. 1 687 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 425
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930