» » Мүлт кетпеген мүмкіндік

Мүлт кетпеген мүмкіндік

Осы біз «кәсіп аш» дегенде «тежеліп» қаламыз. Неге? Өйткені бастапқыда қорқыныш болады. «Бастай аламын ба? Қалай жүзеге асырамын?» деген сан сауалдан сананы арашалай алмаймыз. Мұндайда бізге не істеу керек? Алдымен жігер қажет. Айқын мақсат пен нық сенім керек.

Одан соң мемлекет берген мол мүмкіндікті тиімді пайдаланып, сол арманның жүзеге асуына қарекет етуіміз тиіс. Жоқ емес, жарқын жобасын жүзеге асырып, жемісін көріп отырған жастар жетерлік. Солардың бірі – Азамат Сәбитов. 1994 жылы Жосалыдан дүниеге келген ол кәсіп ашпас бұрын газоблок өндіру бойынша арнайы білім алып келеді. Биылдан бастап кәсіпті қолға алып, жігерін одан әрі қайрауда.
– Газоблок – қазіргі әмбебап құрылыс материалы. Бүтіндей бір ірі кешенді құрылыстың міндетін тиімді, сәтті шешеді. Газобетонды блоктар түрлі өлшемдегі ғимараттарды салуға, сондай-ақ қала сыртындағы шағын үйлер мен аспан тіреген зәулім үйлер құрылысы мен демалыс, сауда орындарының каркасты негіздеріне салуға көмектеседі. Ол ұзаққа төзімді, өртке, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, жылуды сақтауы жоғары, аз ғана үлес салмағы бар, түрлі өңдеулерге ыңғайлы құрылыс материалы. Көп ретте орта жағдайдағы азаматтардың коттедж құрылысын тұрғызуға кететін шығын мөлшерінің қалта құнына сай келеді. Сол үшін осы кәсіп түрі тиімді әрі пайдалы көрінді. Біліктілігімді жинаған соң өз қаражатыммен бастап кеттім. Жақында мемлекеттік бағдарламаға қатысып, 583 мың теңге көлемінде грант ұттым. Қаржы қолыма тисе қажетті құрал-жабдығымды алмақпын, – дейді жас кәсіпкер.
Өндіріс бағасы қалтаға қонымды. Мәселен, өлшемі бойынша 400 теңге мен 1000 теңге арасында сатылымда тұр. Ал жағдайы келмейтін кей жандарға түсіріп беруге де тырысады екен. Алдағы уақытта ауданда мешіт салынса, арзан бағаға жасап беретін жоспары да бар. Жұмысы басталғанына көп болмаса да жас кәсіпкер 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Ал газоблок материалынан құрылыс жүргізу шығынды азайтады, бөлмеаралық қабырғалар мен қабырғаларды қалаудағы түрлі құрылыс операцияларды оңайлатады, ең бастысы құрылысқа кететін шығын мен уақытты қысқартады дейді ол сөз арасында. Айтпақшы, келесі апта құрылыс материалы Қызылорда қаласындағы лабороториядан өткізіліп, оның сапасы тексерілмек.
Бүгінде дамушы елдер шағын және орта бизнеске ден қойып, қолдау білдіруде. Ол – кез келген ел экономикасының негізі. Өңірімізде де тәуекел еткендерге көрсетіліп жатқан демеу көп. Оның ішінде жастар да жасқанбай, тың жобаның жемісін көруде

Айнұр ӘЛИ
07 тамыз 2021 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 267

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 366

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930