» » Шөп дайындауға кірісті

Шөп дайындауға кірісті

Жуырда Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаевтың төрағалығымен аудан әкімдігінде жиын өтті. Сонымен қатар жиынға ауыл шаруашылық және басқа да дербес бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты. Кенттер мен ауылдық округ әкімдері ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылды.
Жиналыстың күн тәртібінде өңіріміздегі қуаңшылық жағдайына байланысты мал азығын дайындау, оның ішінде жем-шөп мәселесі қаралды.
Жиынды жүргізген Ж.Байназарұлы шаруашылықтарда, ауылдық елді мекендерде қыс мезгіліне мал азығын дайындау, өңіріміздегі қуаңшылықтың зардаптары туралы айтып өтіп, аудан тұрғындары арасында түсіндірме жүргізуді, жем-шөп мәселесінің шешілу жолдарын қарастыруды тиісті сала басшыларына тапсырды.
Арал, Қазалы аудандарында мал азығының жетіспеушілігін сөз ете келе, аудандағы шаруа қожалықтары шөпті алдымен жергілікті тұрғындарды толығымен қамтып, басқа облыстарға сатпастан бұрын жоғарыда аталған екі ауданға қолжетімді бағада ұсынуы керек екенін айтып өтті.
Сонымен бірге «Жастар ре­сурс­тық орталығының» директоры Берік Бәйділдаевқа ауыл жастары арасынан бригадалар жасақтап, келісім бойынша қызметтеріне ақы төлеуді ұйымдастыруды, шөп шабу жұмыстарына жастар мен тұрғындарды тартуды жүктеді.
Аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев Жаңажол, Ақтөбе ауылдық округтеріндегі шаруашылықтарда  болып, шаруашылық төрағалары және жас­тармен кездесті.
Ондағы басшылар мен ауыл жастары Арал ауданына жем-шөп әзірлеу ісіне көмек көрсетуге өз үлестерін қосуға  да­йын екенін жеткізді.
Ал бүгінде иіркөлдік жастар бірлесіп шөп шабу жұмыстарын бастап та кетті. Аталған жұмыстар барлық ауылдық округте жалғасын табатын болады.

«Қт» ақпарат
10 шілде 2021 ж. 616 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728