» » Capital Bank Kazakhstan лицензиясынан айырылды

Capital Bank Kazakhstan лицензиясынан айырылды

"Capital Bank Kazakhstan" АҚ бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге де операциялар мен қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияынан айырылды, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайты.


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 24 маусымдағы No74 қаулысына сәйкес, Банктің банктік және өзге де операциялар мен қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды.
Басқарма түсіндірілгендей, лицензияны кері қайтарып алуға негіз болған: жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан да көп рет) пруденциалдық нормативтерді және (немесе) басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді бұзу;
жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) қадағалау шараларын сақтамау;
Банктің ірі қатысушысының қосымша капиталдандыру жөніндегі уәкілетті органның талаптарын орындамауы;
банкті төлем қабілетсіз банкке жатқызу.
Банк активтерінің мөлшері лицензияны қайтарып алу күніне 38,5 млрд теңгені, несиелік портфель 33,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде 30,4 млрд теңге немесе банктің несиелік портфелінің 89,8% 90 күннен астам мерзімі өткен, жұмыс істемейтін несиелермен ұсынылды.
Банктің өтімді активтерінің мөлшері 149 миллион теңгені құрайды, ал клиенттердің өтелмеген төлемдерінің көлемі 15,0 миллиард теңгеден асады.
Пруденциалдық нормативтердің сақталмауына байланысты Агенттік Банкке 29 қадағалау шараларын қолданды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 67 хаттама жасады. 2020 жылы Банк акционері Банктің қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынды.
Жоспарды іске асыру шеңберінде әлеуметтік маңызы бар мекемелер (мектептер мен ауруханалар) алдындағы міндеттемелер және квазимемлекеттік сектор алдындағы міндеттемелердің едәуір бөлігі де толықтай төленді. Алайда Банк пен оның акционері қабылдаған шаралар Банктің қаржылық жағдайының тұрақтануына әкелмеді. Банк пруденциалдық нормативтерді бұзуды жалғастыруда және Банк клиенттеріне төлемдер мен аударымдар бойынша міндеттемелерін орындамайды, деп хабарлайды агенттік.
Агенттік төрағасының 2021 жылғы 24 маусымдағы бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банктің барлық басқару органдарының өкілеттіктері берілді.
Уақытша әкімшілік Банктің тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін жұмыс істейді. Уақытша әкімшіліктің басшысы болып агенттіктің қызметкері Шолпан Тайшыққызы Тоқсеитова тағайындалды.
2021 жылғы 25 маусымнан бастап, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және банктің өзіндегі банктік шоттар бойынша барлық операциялар тоқтатылды.
Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен жүгінеді. Банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот ісі қозғалған күннен бастап несие берушілердің Банкке қатысты талаптары, тек Банкті ұстауға кететін ағымдағы шығындарға байланысты талаптарды және басқа жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгендей тек тарату рәсімдерінде ұсынылуы мүмкін.
25 маусым 2021 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

№85 (10350)

25 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 813

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930