» » Қазақстанда кредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесі өзгертілді

Қазақстанда кредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемесі өзгертілді

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік ұйымның және қарыздың түріне қарай сыйақы мөлшерлемелерінің сараланған шекті мәндерін енгізді, – деп хабарлайды zakon.kz.
Осы негіздегі қаулы 2021 жылғы 15 наурызда қабылданды.
Айта кетсек, 2011 жылдан бастап банктік қарыздар мен микрокредиттердің барлық түрі бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) бірыңғай болып, 56%-ды құрады.
Қаулының қабылдануымен банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мөлшерлемелері сараланды:
– кепілсіз банктік қарыздар бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56% деңгейінде сақталды;
– кепілді банктік қарыздар бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56%-дан 40%-ға дейін төмендетілді;
– ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56%-дан 25%-ға дейін төмендетілді;
– микрокредиттер (кепілді және кепілсіз) бойынша ЖТСМ-нің шекті мәні 56% деңгейінде сақталды;
– 45 күнге дейінгі мерзімге 50 АЕК-ке дейінгі сомаға берілетін кепілді микрокредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәні 30%-дан 20%-ға дейін төмендетілді.
ЖТСМ – бұл банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметтері бойынша дәйекті, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген (нақты құны) сыйақы мөлшерлемесі.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылар қарыз бойынша ЖТСМ мәнін агенттіктің сайтында өз бетінше есептеп, тексере алады.
18 маусым 2021 ж. 671 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 368
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 141

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930