» » Қызылордада жұмыс тауып беремін деп уәде еткен алаяқ ұсталды

Қызылордада жұмыс тауып беремін деп уәде еткен алаяқ ұсталды


Қызылордада “Жедел жәрдем станциясына тұрғызып беремін” деп қызылордалықты алдап кеткен алаяқ ұсталды. 15 маусым күні қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арызданған.

Осы жылдың ақпан айында бір әйел кісі сеніміне кіріп, медициналық жедел-жәрдем станциясына жүргізуші қылып жұмысқа тұрғызып беремін деп 400 мың теңге ақшасын алған. Бірақ осы күнге дейін уәдесін де орындамаған, ақшасын да қайтармаған.
Жедел-іздестіру шараларының барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 46 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оған қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
18 маусым 2021 ж. 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 875
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 534

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930