Қызылордада 2 тұрғынның ақшасын иемденген алаяқ ұсталды
Қызылорда қаласында 2 тұрғыннан 1 млн теңгеден астам ақшаны алдап алған алаяқ ұсталды, деп жазды Kyzylorda-news.kz.

Жәбірленуші 2020 жылдың қыркүйегінде алаяққа ақша беріп, бірақ ешқандай нәтиже болмай, ағымдағы жылдың 15 мамыр күні полицияға жүгінеді.
Сондай-ақ күдікті облыс орталығының тағы бір тұрғынын алдап, оған жоғарғы оқу орнына жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 350 000 теңгесін иемденген.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының басшылығы тұрғындарға қырағылық танытуды және алаяқтарға қомақты ақша аудармауды ескертеді.