» » Қызылордада туған ағасынан 12 миллион теңге ұрлаған азамат ұсталды

Қызылордада туған ағасынан 12 миллион теңге ұрлаған азамат ұсталды

Қызылорда облысында інісі туған ағасының сейфте тұрған 12 млн теңге ақшасын ұрлап алып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Шалқия ауылында тіркелді. Ауыл тұрғыны аудандық полиция бөліміне үйінен қомақты көлемде ақша ұрланғаны жөнінде арыз түсірді.

Көп ұзамай полицейлер қылмыс жасаған адамды ұстады. Ол арыз берген азаматтың туған інісі болып шықты. Күдікті - Түркістан облысының тұрғыны, бұрын сотты болған.

«Тексеру жұмыстары барысында ол туған ағасының үйіне терезе арқылы кіргені анықталды. Адамдардың жоқтығын пайдаланып, жатын бөлмеде тұрған сейфтің есігін бұзған. Сол жерде тұрған 12 млн ақшаны алып кеткен. Қазір бұл бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігімен (Өзінше билік ету) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, қазір оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. Мән-жайы анықталуда.

11 қазан 2020 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 410
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728