» » Қызылордада карантин кезінде автокөлік ұрламақ болған тұрғын ұсталды

Қызылордада карантин кезінде автокөлік ұрламақ болған тұрғын ұсталды


Сәуір айының 21 күні таңғы сағат 05:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің кезекші полицейі облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің арасында орнатылған бейнекамерамен шолу барысында аулада тұрған екі автокөлік жанында жүрген күдік тудырған белгісіз азаматты байқайды.
Кезекші дер кезінде байланыс құралына шығып, оқиға орнына патруль бекеттерін жібереді.
Тәртіп сақшыларының жедел әрекеттері нәтижесінде автокөліктерге ұрлыққа түсіп жатқан күдікті 25 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, қалалық Полиция басқармасына жеткізілді.
«Қазіргі таңда орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен (Қылмыс жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), егер бұл ретте қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген болса, қылмысқа оқталу деп танылады) және 188-бабының 3-бөлігінің 3- тармағына (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық, аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», – деп мәлімдеді Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


24 сәуір 2020 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 430
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930