» » Интернет банкингпен ақша жымқырған ұры ұсталды

Интернет банкингпен ақша жымқырған ұры ұсталды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына зейнеткер, 65 жастағы қала тұрғыны арызданды.
Арызда көршісі 27 жастағы азамат оның аңғалдығын пайдаланып, алаяқтық жолмен, интернет  банкинг арқылы өзінің есепшотына 304 000 теңге қаражат аударып алғанын көрсеткен. 
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қызылорда қаласының Полиция басқармасы алаяқтардың құрбаны болмас үшін қала тұрғындарынан қырағылық пен мұқияттылықты сақтауды сұрайды!
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
28 қаңтар 2021 ж. 1 041 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 563

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930