» » Тағы бір ресейлік вакцина халал деп танылды

Тағы бір ресейлік вакцина халал деп танылды

Ресейлік коронавирусқа қарсы "ЭпиВакКорона" вакцинасы өзінің халал екендігін растайтын сертификат алды, деп хабарлады Ресей муфтилері кеңесі жанындағы "Халал" халықаралық стандарттау және сертификаттау орталығының баспасөз қызметі.

вакцина
Сертификаттау үшін вакцинаның компоненттері және оны өндіру технологиясы туралы барлық қажетті ақпарат берілді.
"Вакцина – бұл SARS-CoV-2 вирусының S-ақуызының үш фрагментінің химиялық синтезделген пептидтік антигендері, тасымалдаушы ақуызға конъюгацияланған (байланысқан) және құрамында алюминий бар адъювантқа (алюминий гидроксиді) адсорбцияланған", – дейді хабарламада.
Белсенді заттар – пептидті антигендер химиялық синтез жолымен алынады. Бактериялар микроорганизмдер қатарына жатады және тыйым салынбайды.
"E. Coli жасушаларын өсіру процесінде құрамында өсімдік-ашытқы пептоны, минералды тұздар және тыйым салынбаған басқа компоненттері бар қоректік орта қолданылады. Ферменттер мен гормондар қолданылмайды. Ұсынылған құжаттар негізінде ХСЖСО “Халал” мамандары “ЭпиВакКорона” вакцинасының "халал" стандартына сәйкестігі туралы қорытынды қабылдады", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Ресей мұсылмандары діни басқармасы Sputnik V вакцинасының құрамын тексеріп, мұсылмандарға тыйым салынған заттардың іздерін таппаған.
Атап айтқанда, мұсылмандар шошқа желатині вакцинаның құрамына енуі мүмкін деп алаңдаушылық білдірді.
Бірақ әзірлеушілер шошқа желатині Sputnik V өндірісінде қолданылмайды деп сендірді.
13 маусым 2021 ж. 354 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 77

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031