» » Коронавирусқа қарсы қазақстандық жаңа вакцинаға атау берілді

Коронавирусқа қарсы қазақстандық жаңа вакцинаға атау берілді

Коронавирусқа қарсы жаңа қазақстандық вакцина өз атауын алды. «Naruvax C-19» препараты Қазақ аграрлық университеті жанындағы Халықаралық Вакцинология орталығында әзірленген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта вакцина аса қауіпті инфекциялар Ұлттық ғылыми орталығы базасында клиникаға дейінгі сынақтан өтуде. Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы отандық вакциналарды екі ұйым әзірлеп жатқаны белгілі. Бұл биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты және Аграрлық университет жанындағы Халықаралық вакцинология орталығы. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қазақстандық әзірлемеге үміткер 4 вакцинаны тіркеді. Оның екеуінің клиникаға дейінгі сынақтары жануарларға жасалып жатыр. Эксперименттер Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығының базасында жүргізіледі. Алғашқы препарат Naruvax C-19 деп аталды. 
Халықаралық Вакцинология орталығының жетекшісі Қайсар Табыновтың айтуынша, бұл вакцина  синтетикалық жолмен алынған рекомбинантты ақуыздар (S-ақуызы) негізінде дайындалады. 
Сонымен қатар, бұл вакцинаның маңызды компоненттерінің бірі – бұл түсінің ақшылдығы. Түс арнайы нано-эмульсиялық май адъювантын береді. Оны біздің франциялық серіктестеріміз ұсынған. Бұл препарат 20-дан астам елде түрлі вакциналардың құрамында қолданылады. Демек, егер біз зертханалық жұмыстарды жануарларға емес, адамдарға өткізіп, оң нәтиже алсақ, онда бұл препаратты тіркеу рәсімдерін жеңілдетеді, - деді ол.
Жобаны қазақстандық жас ғалым Қайсар Табынов басқарады. Маманның айтуынша, қазіргі уақытта үміт күттіретін нәтижелер алынды. Яғни, препараттың иммуногенділігіне, оның инфекциядан ұзақ мерзімді қорғауды қалыптастыру қабілетіне қатысты жақсы нәтиже бар. 
Екінші препарат «NARUVAX C-19/nano» деп аталды. Екінші нановакцина – серіктесіміз Огайо мемлекеттік университетімен бірге дайындалған вакцина. Әртүрлі табиғи полимерлерді пайдалана отырып біз нано бөлшектер арқылы вакцина дайындадық. Яғни вакцинаның белсенді бөлігін біз сол полимерлер ішіне енгізіп береміз, - дейді Табынов.
Бұл вакциналардың толық сынақтан өтуі үшін әлі бірнеше кезең бар. Дегенмен ғалымдар келесі жылдың басында маймылдарға эксперимент жасап, клиникаға дейінгі зерттеулерді толық аяқтауды жоспарлап отыр.


07 қараша 2020 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 431
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930