» » Цой келесі жылы вакцина кімдерге тегін болатынын айтты

Цой келесі жылы вакцина кімдерге тегін болатынын айтты

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бәріне бірдей тегін болмайды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ЦойМинистрдің айтуынша, ең бірінші кезекте қауіпті аймақта жүрген мамандар, атап айтсақ, дәрігерлер, ұстаздар мен ішкі істер қызметкерлері тегін вакцинамен қамтмасыз етілмек. 
"Алдын ала болжам бойынша вакцинаның құны екі доза үшін 20 долларды құрамақ. Бұл екпенің нақты бағасы емес, әлі өндіріс барысында анықталады. Біз басқа да шетелдік серіктестерімізбен келіссөздер жүргізудеміз. Мүмкін, нарықта коронавирусқа қарсы бірнеше вакцина пайда болатын шығар. Ал кімдердің вакцинаны тегін немесе ақылы өтуі кейіннен анықталады", - деді ведомство басшысы. 
Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ)  әлемде алғашқы тіркелген коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын тіркеп, сондай-ақ оны өндіру және тарату рәсімін жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.     
Қазақстан Республикасының реттеуші органдары қажетті рәсімдерді аяқтағаннан кейін Ресей Федерациясы технология трансферін жүргізеді және ел аумағында «Спутник V» вакцинасының кемінде 2 млн дозасын өндіруге арналған субстанцияны жеткізеді.
05 желтоқсан 2020 ж. 611 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 324
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031