» » Кітапханадағы танымдық сағат

Кітапханадағы танымдық сағат

Қазақ жеріне табаны тиген кез келген саяхатшы тамсанбауы мүмкін емес. Себебі сонау Ұлы Жібек жолы жанданып, сауда-саттық, рухани, мәдени қарым-қатынас жолға қойылғалы бері түркі дүниесінің бесігіне айналды. Бұл жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Қазақстан – күллі түркі халықтарының қасиетті «Қара шаңырағы» деген-ді. Бұған дерек те, дәйек те көп. Кезінде қазақ даласында өмір кешкен түркі тектес тайпалар әлемнің әр түкпірінде қоныс теуіп, өркениеттің дамуына үлес қосты. Мәселен, Еуразия ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Өмірбек Қанайдың айтуынша, «Қазақстан – түркі дүниесінің бесігі» деген орынды айтылған пікір. «Қазақ даласы сонау жаугершілік заманда да түркі дүниесінің арадағы ұйытқысы болды. Бұрынғы Түрік, Түргеш қағанаты, Қарахандар дәуірінде де қазақ топырағы олардың қолқа жүрегінен орын алды. Ислам дінін қабылдағаннан кейінгі кезеңде, әсіресе рухани мәдени салада қазақ жері түпкі орталығы саналды. Оған елімізден шыққан аты мәшһүр ғалымдардың, ойшылдардың септігі тигенін айта кету керек. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари сынды ғалымдар түбі бір түркі идеясын насихаттап, түрлі ғылыми негіздегі дүниелерімен бөлісті. Олардың рухани ордасы – Түркістан болды. Бүгінде облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістанның түркі әлемінде алатын орны мен беделі зор», – дейді ғалым.
Осы мақсат бүгін орындалды. Елбасы атап көрсеткен «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны жүзеге асыру да заман талабы. Қазір жоба аясындағы шаралар басталып кеткен. Мәселен, «Алтын адам» ескерткіші Түркияның 20-ға жуық музейіне қойылатын болса, Куала-Лумпурдағы Малайзия музейлерінің департаментінде «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды. Көрме «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрме жобасы аясында қазан айының соңына дейін жалғасын табады. Бұл Түркі халықтарына ортақ туындылардың бірыңғай онлайн кітапханасын ашуға ұйытқы болады.
Қазақ елі – түркі әлемінің қасиетті шаңырағы. Қара шаңырақта отырған әулеттің белгілі жауапкершіліктері болатындай, қазақтардың да түркі тектес бауырлары алдында жауапкершілігі мол. Яғни, бұл жауапкершілік қазақ халқының өзінің ата мұрасы, тарихи жәдігерлері, тілі мен салт-дәстүріне ие болуды, оларды жаңа заман талабымен үйлестіруді керек етеді.
Осы орайда кітапханамыздың тұрақты оқырмандармен "Парасат жолы" бұрышында болып өткен "Ұлы дала әлемдік өркениеттің бесігі" атты танымдық сағатта оқырман Байменова Аружан мен Искакова Жеңіскүл өз ойларымен бөлісті.

Қалалық кітапхана
11 маусым 2021 ж. 665 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031