Айтыс! Жас ақындарды күтеді!
Қызылорда облыстық «Ақмешіт жастары» газеті мен «Сыр үміті қауымдастығы» қоғамдық бipлестiгi және «Қызылорда қаламгерлерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай жас ақындарды «Жастар жырлайды» атты облыстық жазба ақындар айтысына шақырады. Өлең десе от болып жанатын, ат сүрінгенше сөз табатын кешегі шайырлардың бүгінгі ізбасарларын күтеміз!
Жалпы ережелер
Айтыстың мақсаты мен міндеті:‒ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы табысын, әлеуметтік-экономикалық дамуын, мәдени-тарихи мұрасын насихаттау;
‒ Ел дамуының жаңа бағытына қоғам назарын аудару;
‒ Қазақстандық патриотизмді нығайтуға үлес қосу;
‒ Жас ақындарды ынталандару, шығармашыл жастарды насихаттау;
Айтыстың шарттары:
‒ Айтысқа қатысушы жас ақындар Сыр шайырларының ізімен шұбыртпалы ұйқас түрінде айтысуы керек. Жыр жолдары 32 қатардан аспауы тиіс. Ақындар айтысын бағалау кезінде белгіленген тақырыпқа сәйкестік, ақпараттың нақтылығы мен шынайылығы, жан-жақтылығына баса назар аударылады.
‒ Айтыс барысында ақындар Тәуелсіздік жылдарындағы маңызды оқиғалар мен ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер тұлғаларды, еңбек адамдарын бір-біріне жұмбақ етіп жасырады.
Айтыстың талаптары:
‒ Жазба ақындар айтысына 16-29 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.
‒ Айтысқа ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
Айтысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі, мерзімі:
‒ Айтысқа қатысқысы келетін үміткерлер өзі туралы қысқаша мәліметті және еркін тақырыпта жазылған бір өлеңін aqmeshit.jastary@gmail.com поштасына жолдауы қажет немесе төменде көрсетілген редакция мекен-жайына қалдыруына болады. Ақындарды іріктеу 17 маусымда аяқталады.
‒ Айтыс барысында әр жұп төрт рет қайымдасады.
‒ Ақындардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
Айтыстың жүлде қоры:
І орын ‒ 100 000 (жүз мың) теңге;
ІІ орын ‒ 50 000 (елу мың) теңге;
ІІІ орын ‒ 30 000 (отыз мың) теңге;
Редакцияның мекен-жайы: 120018 Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4А
Байланыс телефондары: 8 (7242) 40-11-10
8 747 121 40 40 Ерасыл Шәрібек
Жырласаң, жырла, жасым, өз Еліңді!