» » Ғибратты әңгіме

Ғибратты әңгіме

Қатар қоныстанған екі көршінің де кішкентай балалары бар екен. Балалар табиғатпен араласып өссін,жануар болсада әйтеуір тіршілік иесі ғой деп, бір көрші қоянның көжегін бағыпты, екінші көрші төбет күшік асырапты. Ит асыраған көршінің әйелі" Неге күшік асырадың, ертең өскесін көршінің қоянын талап өлтірсе ұят болмайма" дегеніне, күйеуі" жоқ, екеуі кішкентайдан ойнап өссе ештеңе етпейді, үйренісіп дос боп кетеді.Ит дұрыс тәрбие алса, достыққа адал болады" деп сендіріпті.
Сол күннен бастап екі үйдің балаларымен бірге аулада, көжек пен күшікте бірге ойнап өскен екен.
Бір жыл шамасындай уақыт өткенде, көжек үлкейіп қоян, төбет дәу ит болып өсіпті.
Бір күні, қояны бар көршілер сенбі жексенбіге демалысқа, ауылға ата аналарына барып келуге жол жүріп кетеді.
Жексенбі күні кеште төбет ит,иелері шәй ішіп отырған верандаға өлген қоянды салақтатып тістеп алып келеді,тұла бойы құм топырақ, өлген қоянды көргенде, иттің иелері төбелеріне жәй түскендей болды.
" Енді қайттік, көршілер келіп қалатын уақытта боп қалды, ұят болды ау,,
балаларына не дейміз? басқа қоян алып береміз дегенге көнер ме екен" деп дабырласып, әп сәтте опыр топыр болды.Ит түк болмағандай иелеріне қарап мөлиіп, әлдене дегісі келгендей әлсіз қыңсылап тұр.
Содан үлкен ұлдары ақыл тапты
" Қоянды тазалап жуындырып, фен мен кептіріп, қорасына салып қоялық, ұйқтап жатқандай қылып" деді.
Бәрі сол ақылға келісті, басқа жолда жоқ еді көршілер міне міне кеп қалатын уақыт болды.
Содан жалма жан қоянды жуып кептіріп, қорасының алдына ұйқтап жатқандай қылып қойып келуі мұң екен, көше жақтан көліктің даусы естілді.
Иттің иелері есіктерін жауып, түк сезбегендей тың тыңдап отыр.
Міне балалар жүгіріп үйге кірді, міне үлкендер сумкаларын қойып жатыр.
Азырақ үнсіздіктен соң, иттің иесінің есігі қағылды, бұл барып есікті ашса
бір түрлі әбіржіген түрмен қоянның иесі келіп тұр екен.
Иттің иесі" Аа көрші аман келдіңдерме? жақсы барып келдіңдерме?" деп түк білмегендей сұрап жатыр.
Қоянның иесі" Қоян" деді тұттығыңқырап.
Иттің иесі" Не қоян? не бопты?бағана осы аулада жүгіріп жүрген" деді жайбарақат.
Қоянның иесі" Ол жұма күні өліп қалған болатын, сонан соң балалар оны ауланың шетіне көміп тастаған еді,
жаңа қарасақ тап таза күйінде қорасының алдында ұйқтаған сияқты жатыр, бірақ өлік" деп деп үзіп созып зорға жеткізді.
Екі жақта аңтарылып тұрып қалды.
Төбет ит, өзінің досын іздеп жүріп, аула шетінде көмулі күйінде тауып алғасын.
Иелерінен көмек сұрап, алып келгендегісі екен.

Пысы: Тек адам деген сорлының санасына сіңіп қалған, анығына жетпей Ғайбат ой, жақсылық жасағысы кеп тұрған адамға да Күмән.
Сенімсіздік пен кінәлауға асығып тұратын түйсік, иттің досына деген адал ниетін түсіне алмаған екен- деп жазған екен.

М.Кенжебаев

03 маусым 2021 ж. 947 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031