Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Бүгін ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Оған сәйкес, "Ashyq" жобасы енгізілетін кәсіпкерлік нысандары қатары артты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде мынадай кәсіпкерлік нысандарда "Ashyq" жобасын іске асыру жүзеге асырылады:
1. йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
2. спа-орталықтары;
3. сауналар, бассейндер;
4. PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
5. боулинг клубтары;
6. кинотеатрлар;
7. театрлар мен филармониялар;
8. асхана үлгісіндегі нысандар, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
9. облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
10. бильярд клубтары;
11. концерт залдары;
12. ерікті қатысушылар;
13. караоке;
14. көрмелер;
15. океанариум;
16. марафондар;
17. көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
18. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
19. Алматы қаласының әуежайы;
20. (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
21. лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.
Сондай-ақ қаулыда Ashyq жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі, Ashyq жобасын енгізу алгоритмі және "сары/қызыл" мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау сипатталған. Сондай-ақ, жосықсыз қатысушыларды Ashyq-тен шығару тәртібі сипатталған.
Облыстардың, Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
- Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін;
- өңірлік кәсіпкерлік палаталарында қарау сатысында Ashyq жобасына қатысушылардың өтінімдерін келісу;
- Ashyq жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша және шектеу және карантин шараларын бұзуға жол берген тұлғаларға қатысты жобаға қатысушыларға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдасын делінген қаулыда.