» » Қала маңындағы жолаушылар поездарының қозғалысы тоқтатылады: Карантинге қатысты қаулыға өзгеріс енгізілді

Қала маңындағы жолаушылар поездарының қозғалысы тоқтатылады: Карантинге қатысты қаулыға өзгеріс енгізілді

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысына жаңа түзетулер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы»:
1) қала маңындағы жолаушылар поездарының (электр поездарының) қозғалысын тоқтата тұруды;
2) жұмыс поездарын қоспағанда, жолаушылар поездарының құрамында жалпы вагондарды жасақтауды болдырмауды қамтмасыз етсін.
2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:
1) қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдарын тоқтата тұруды;
2) көрермендер қатысатын, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өкізілетін және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
3) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды;
4) барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т. б.) қызметіне тыйым салуды;
5) діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, жиындар, синагогалар және т. б. қызметін тоқтата тұруды;
6) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салуды;
7) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салуды қамтамасыз етсін. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған жағдайда жол беріледі;
8) фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;
9) бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің қызметіне тыйым салуды;
10) сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желілерінің қызметіне «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық  инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысының (бұдан әрі –  № 43 ҚРБМСД қаулысы) талаптарын сақтай отырып, толықтырылуын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метр қамтамасыз етілген кезде рұқсат етуді;
11) толықтырылуын 30%-дан асымай және бір келушіге кемінде 4 шаршы метрден қамтамасыз етіліп, ҚР МСМ №43 қаулысының талаптары сақталған кезде азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметіне рұқсат етуді;
12) сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне бір келушіге кемінде 4 ш. м. қамтамасыз етіліп, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;  
13) балалар түзету кабинеттерінің, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне топтың толықтырылуын 5 адамнан асырмай,  алдын ала жазылу бойынша, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары  сақталған кезде рұқсат етуді;
14) мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне топтарды жинақтауды 15 адамнан асырмай, №43 ҚРБМСД  қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;
15) ашық ауада аттракциондар қызметіне №43 ҚРБМСД  қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;
16) фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының (бассейндерсіз) қызметіне алдын ала жазылу бойынша, толықтырылуын 50% - дан асырмай және бір келушіге кемінде  5 ш. м. қамтамасыз етіліп, №43 ҚРБМСД  қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;
17) моншалардың, сауналардың (бассейндерсіз) қызметіне толықтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде  45 ш. м. қамтамасыз етіліп, №43 ҚРБМСД  қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етуді;
18) ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай)  рұқсат етуді;
19) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға  (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) рұқсат етуді;
20) №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде қоғамдық көліктің жұмысына (пик сағаттарында автобустар санының артуы, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен өңдеу, барлық есіктердің ашылуы, отыратын орындар саны бойынша толықтырылуы) рұқсат етуді;
21) жеке автокөліктің өңірлер арасында жүріп-тұруына рұқсат етуді; 22) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде  рұқсат етуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 80%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалдырылады (штаттық кесте кезінде 30-дан астам қызметкер);
16 тамыз 2020 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031