» » Облыста жаңа қаулы қабылданды

Облыста жаңа қаулы қабылданды

Қызылорда облысы коронавирустық инфекциясының эпидемологиялық ахуалды бағалау матрицасында 2021 жылғы 10 мамырдан бастап «жасыл» аймақта. Осыған байланысты бірқатар шектеу шараларын жеңілдету туралы облыстың Бас мемлекетік санитариялық дәрігерінің №14 жаңа Қаулысы қабылданды.
Жаңа қаулыда бірқатар карантиндік шектеулер жеңілдетілді. Бірақ күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық талап сақталуы тиіс. Сонымен, банкет залдардың жұмысына тек ас беру үшін рұқсат берілді. Бірақ сыйымдылығы 30 пайыздан, 50 орыннан асырмау қажет. Ал діни объектілер жұмысына толтырылуын 30 пайыздан асырмау талабы қойылды. 50 адамнан асырмай мәдениет объектілерінің, толтырылуын 30 пайыздан асырмай театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар, бильярд, компьютерлік клубтар, боулинг, балалардың ойын-сауық орталықтарының жұмысына рұқсат етіледі. Сондай-ақ, енді тұрғындар спорттық сайыстарды тамашалай алады. Бірақ көрермендер 20 пайыздан аспауы керек. Балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметіне, қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмау талабымен жұмыс кестесін сағат 7.00-ден 2.00-ге дейін, асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын тәулік бойы ұйымдастыруға болады.
– Жаңа қаулыға сәйкес қоғамдық орындарда кальянды пайдалануға, ойын-сауық іс-шараларын, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, букмекерлік кеңселердің қызметіне, түнгі және ойын клубтарының, караоке қызметіне, мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салынады. Карантин талаптары жеңілдетілгенмен сақтық шараларына мән берейік, - деді облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Динара Жаңабергенова.
Қаулымен енгізілген бұл өзгерістер 2021 жылғы 17 мамырдан бастап күшіне енеді.
17 мамыр 2021 ж. 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 323
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031