» » Қызылордада 2 қарашада жаңа қаулы күшіне енеді

Қызылордада 2 қарашада жаңа қаулы күшіне енеді


Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында жаңа қаулы күшіне енетін болды. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова хабарлады.

Қаулы 2 қарашадан бастап күшіне енеді.
Қаулыда көрсетілгеніндей, облыс аумағында кинотеатрлар ашылып, облыстық командалардың оқу-жаттығу жиынына рұқсат берілген. Сауда, ойын-сауық орталықтары, жабық базарлар сенбі күні де қызмет көрсетеді. Тек жексенбі мен мереке күндерінде олардың жұмысына шектеу қойылды.
Дүйсенбіден бастап кинотеатрлар жұмысын қайта бастауға шешім қабылданды. Бұл орындар санитарлық талапты қатаң сақтау арқылы 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмысын жүргізеді. Кинотеатрлардың толтырылуы 30 %-дан аспауы тиіс. Айта кетерлігі, кино көрсететін зал қараңғы болады. Жарық аз түседі. Сондықтан әрбір кино көрсетілер алдында дезинфекция жүргізілуі қажет, - деді Әлия Әбдіқайымова.
Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің айтуынша, күннің ерте батуына байланысты тамақтану орындары, сұлулық салондар, СПА орталықтары, монша, спорт залдарының қызмет көрсету уақыты бір сағатқа қысқартылып, олар қызметін 22:00-ге дейін жүргізетін болды.
Ал ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ, караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракцион, батут, букмекерлік кеңсе, кальянды пайдалануға болмайды. Оған қоса спортшылардың елімізден тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуына тыйым салу жалғасады, - деді Әлия Әбдіқайымова.


BAQ.KZ
01 қараша 2020 ж. 722 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 198
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 36

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031